Білім

Әрбір төртінші қазақстандықтың жоғары білімі бар

© Photo : Пресс-служба КазНГУ имени Аль-ФарабиКазахский национальный государственный университет имени Аль-Фараби в Алматы. Главный корпус
Казахский национальный государственный университет имени Аль-Фараби в Алматы. Главный корпус - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2023
Жазылу
Өңірлер ішінде жоғары білімі бар халық саны бойынша Алматы облысы көш бастап тұр
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысы аясындағы білім беру саласы бойынша кезекті жинақты ұсынды. Жинақта білім беру деңгейі бойынша аймақ, жыныс және жас бөлінісіндегі деректер көрсетілген, сондай-ақ онда соңғы екі санақ арасындағы динамикалық өзгерістерді бақылауға болады.
Әрбір төртінші қазақстандықтың жоғары білімі бар
2021 жылғы санақ кезінде 3,7 млн адамның жоғары білімі, 4,1 млн адамның арнайы орта білімі, 4,9 млн адамның орта білімі бар болып шықты.
2009 жылғы санақпен салыстырғанда жоғары білімі бар халықтың үлесі 19,8%-дан 2021 жылы 27,6%-ға дейін өсті.
Өңірлердің ішінде жоғары білімі бар халықтың ең көп саны Алматы облысына тиесілі. Мұнда 404,8 мың адамның жоғары білімі бар. Әрбір өңірдегі жоғары білімі бар халықтың үлесі бойынша Астана қаласы көш бастап тұр – елорда халқының 25,5% жоғары оқу орнын бітірген.
Жоғары білімі бар ерлер мен әйелдердің үлесі бірдей. 2009 жылғы санақпен салыстырғанда дипломы бар ерлердің үлесі 17,8%-дан 27,9%-ға дейін, әйелдердікі 21,6%-дан 27,3%-ға дейін өскен.
Жалпы 1000 адамға шаққанда университет дипломы бар 276 адамнан келеді, 2009 жылы бұл көрсеткіш 198 адам деңгейінде болған еді.
4,1 млн қазақстандықтың арнайы орта білімі бар
2021 жылғы санақ кезінде 4 167 мың қазақстандықтың арнайы орта білімі болған. 2009 жылғы санақпен салыстырғанда олардың халық арасындағы үлесі 27,6%-дан 30,8%-ға дейін өскен.
Түркістан облысы техникалық және кәсіптік білімі бар халық саны бойынша да, өңірдегі арнайы орта білімі бар халық үлесі бойынша да көш бастаған – 8,9%.
120 мыңнан астам қазақстандықтың ғылыми дәрежесі бар
2021 жылғы санақ кезінде 120,8 мың қазақстандықтың жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған. Олардың басым бөлігі (17,8%-ы) – 30-34 жас аралығындағылар.
Ғалымдардың жалпы санының 78%-ы – магистр (96,9 мың адам), 3,6% – философия докторы (PhD), (4,5 мың адам), 13,5% – ғылым кандидаты (16,8 мың адам), 4% ғылым докторы (4,9 мың адам) дәрежесіне ие.
Жаңалықтар
0