https://sputnik.kz/20231107/abden-tozgan-tekhnika-egis-zhumystarynyn-sapasyna-aser-etip-zhatyr--smayylov-39968367.html
Тозығы жеткен техника егіс жұмыстарының сапасына әсер етіп жатыр – Смайылов
Тозығы жеткен техника егіс жұмыстарының сапасына әсер етіп жатыр – Смайылов
Sputnik Қазақстан
Әкімдіктер заманауи суару технологияларын енгізу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра алмай келеді 07.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-07T09:53+0500
2023-11-07T09:53+0500
2023-11-07T12:13+0500
астық
жаңа технологиялар
техника
ауыл шаруашылығы
бидай
https://sputnik.kz/img/1095/94/10959450_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_c1fe808fae53bec5473ffe60ebdb9142.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту үшін қосымша шаралар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Премьердің айтуынша, өсімдік шаруашылығында кейбір маңызды мәселелер әлі күнге дейін шешімін таппай отыр. Мәселен, әкімдіктер заманауи суару технологияларын енгізу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра алмай келеді. Бұл су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік берер еді.Сондай-ақ ол ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңарту мәселесі де өзекті екенін атап өтті."Әбден тозығы жеткен техника егіс жұмыстарының сапасына да әсер етуде", -дейді Смайылов.Осыған байланысты премьер ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдіктеріне "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту бойынша қосымша ынталандыру шараларын әзірлеуді тапсырды.Бұдан бөлек агроөнеркәсіп кешенінің, оның ішінде дәнді дақылдардың отандық селекциясының ғылыми әлеуетін дамыту жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу қажет екенін айтты.
https://sputnik.kz/20231107/astyq-qory-eldi-nanmen-tolyq-qamtamasyz-etuge-zhetedi--ministr-39968069.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1095/94/10959450_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_a946a3e8dfc26a1d7b0b0cffa89cb4e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық, жаңа технологиялар, техника, ауыл шаруашылығы, бидай
астық, жаңа технологиялар, техника, ауыл шаруашылығы, бидай
Тозығы жеткен техника егіс жұмыстарының сапасына әсер етіп жатыр – Смайылов
09:53 07.11.2023 (жаңартылды: 12:13 07.11.2023) Әкімдіктер заманауи суару технологияларын енгізу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра алмай келеді
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту үшін қосымша шаралар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьердің айтуынша, өсімдік шаруашылығында кейбір маңызды мәселелер әлі күнге дейін шешімін таппай отыр. Мәселен, әкімдіктер заманауи суару технологияларын енгізу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра алмай келеді. Бұл су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік берер еді.
"Еліміздің құбылмалы климатына бейімделген жергілікті сорттарды өсіруге ерекше көңіл бөлу керек. Бидайдың жаңа сорттарын өсіру жұмыстары нашар жүруде. Аграрлық ғылыми жүйені түбегейлі қайта қарау қажет", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Сондай-ақ ол ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңарту мәселесі де өзекті екенін атап өтті.
"Әбден тозығы жеткен техника егіс жұмыстарының сапасына да әсер етуде", -дейді Смайылов.
Осыған байланысты премьер ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдіктеріне "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту бойынша қосымша ынталандыру шараларын әзірлеуді тапсырды.
Бұдан бөлек агроөнеркәсіп кешенінің, оның ішінде дәнді дақылдардың отандық селекциясының ғылыми әлеуетін дамыту жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу қажет екенін айтты.