Тұтынушылар жылуды қалай үнемдей алады

© Photo : сайт премьер-министра КазахстанаГлава Правительства ознакомился с ходом строительства первого в Казахстане завода по производству алюминиевых и биметаллических радиаторов
Глава Правительства ознакомился с ходом строительства первого в Казахстане завода по производству алюминиевых и биметаллических радиаторов - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2023
Жазылу
Пәтерлердегі жылуға аз төлеу үшін қазақстандықтар ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатып қана қоймай, оларды дер кезінде тексеріп отыруы қажет
АСТАНА, 6 қараша - Sputnik. Елімізде жылу беру маусымы басталды, қазақстандықтарға коммуналдық қызметтер үшін алынатын төлемдер келіп жатыр.
Табиғи монополияларды реттеу комитетіт жылуды қалай үнемдеп, аз төлеу керектігі туралы бірнеше кеңес ұсынды.
Комитеттің айтуынша, жылуға ақша үнемдеуге ең алдымен тұтынушылар үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнату қажет.
"Жылу энергиясын есепке алудың бірдей үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабы болған кезде, жылу үшін төлем мөлшері ай сайынғы көрсеткіш пен бекітілген тариф негізінде айқындалады",- деп атап өтті ведомство.
Ал мұндай құрылғылары жоқ тұтынушыларға арнайы тариф қолданылады, ол есепке алу аспаптары бар тұтынушыларға қарағанда жоғары.
Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күні астанада және республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен жабдықталу деңгейі – 27,3%-дан 100%-ға дейін (мысалы, Астана қаласында ("Астана-Теплотранзит" АҚ) - 99,5%, Алматы қаласында ("Алматы жылу желілері" ЖШС) - 98%).
"Астана Теплотранзит" АҚ-ның деректері бойынша Астана қаласындағы тұрғын үйлерде орнатылған 970 үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабына тексеру жүргізу талап етілген, алайда 99 жылу энергиясын есепке алу аспабы тексеруден өтпеген және тиісінше тексеру мерзімі аяқталды. Құрылғылар тексеруге берілмеген үйлерде тариф енді жоғары болады.
"Алматы жылу желілері" ЖШС-ның деректері бойынша Алматыда 293 үйдің ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабына тексеру жүргізілуі тиіс еді, алайда 65 жылу энергиясын есепке алу аспабы тексеруден өтпеген, бұл тұтынушылар жылу үшін көп төлейтін болады.
2024 жылы Астана қаласының тұрғын үйлерінде орнатылған тағы 971 жылуды есепке алу аспаптарына және Алматы қаласындағы 1217 жылуды есепке алу аспаптарына тексеру жүргізу қажет.

Тексеру мерзімдерін білу үшін қайда бару керек

Белгілі бір үйлердің жылу есептегіштері қашан тексерілетінін және олардың мерзімі өтіп кеткен-кетпегенін онлайн білуге ​​болады.
Астана;
Алматы;
Шымкент;
Абай облысы;
Ақмола облысы;
Ақтөбе облысы;
Алматы облысы;
Атырау облысы;
Шығыс Қазақстан облысы;
Жамбыл облысы;
Жетісу облысы;
Батыс Қазақстан облысы;
Қарағанды облысы;
Қостанай облысы;
Қызылорда облысы;
Маңғыстау облысы;
Павлодар облысы;
Солтүстік Қазақстан облысы;
Түркістан облысы;
Ұлытау облысы.

Жылуды қалай үнемдеуге болады

1.
Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабын орнату.
2.
Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабына уақытылы тексеру жүргізу.
3.
Жылу энергиясын тұтынуды реттеу.
Жаңалықтар
0