https://sputnik.kz/20231106/tmd-elderinin-zhas-zhurnalisteri-tazhiribe-zhinady-39954603.html
ТМД елдерінің жас журналистері тәжірибе жинады
ТМД елдерінің жас журналистері тәжірибе жинады
Sputnik Қазақстан
Жоба қатысушылары Мәскеудегі "Россия сегодня" ХАА баспасөз орталығына барды 06.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-06T15:04+0500
2023-11-06T15:04+0500
2023-11-06T15:04+0500
журналистика
тмд
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/03/39884885_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_9a1549d43404d03d07b050332aa661d9.jpg
АЛМАТЫ, 6 қараша – Sputnik. "Жаңа буын" бағдарламасы бойынша Ресейдегі "SPUTNIKPRO ТМД" жобасына қатысуға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстаннан баспасөз қызметкерлері барды. Бұл туралы ТМД атқарушы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.Хабарламада әр түрлі елдердің жас мамандары ресейлік әріптестерімен тәжірибе алмасып, жаңа кәсіби байланыстар орнататыны айтылған.Жоба қатысушылары "Россия сегодня" ХАА баспасөз орталығына барды, онда олар белгілі журналистерден телеграм каналдарға жаңа аудиторияны қалай тарту керектігін, жарнамалаудың қандай әдістері бар, БАҚ жұмысында VR/AR технологиялары қалай қолданылатынын білді. Қатысушылардың әрқайсысы VR/AR технологиялары әлемімен танысты.Сондай-ақ жас мамандар ТМД елдерінің "Өзгермелі әлемдегі медианы дамыту" медиафорумына қатысты. Форумда халықаралық ынтымақтастық, журналистиканың өзекті мәселелері, оларды шешу жолдары және медиа саланың тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл тетіктерін әзірлеу және перспективаларын одан әрі болжау туралы айтылды. Жалпы ТМД елдеріндегі медиа өмірінің ең өзекті мәселелері талқыланды."Халықаралық журналистиканың болашағы" II медиафорумның пленарлық отырысының тақырыбы болды, панельдік сессиялар медиасферада жасанды интеллекті пайдалануға, Telegram-арналарды жүргізудің тиімді стратегияларына, Достастықтың орыс тілді БАҚ-тарын дамытуға және цифрлық дәуірде бейінді факультеттердің студенттерін даярлау ерекшеліктеріне арналған.SputnikPro - журналистерге, бейінді жоғары оқу орындарының студенттеріне, баспасөз қызметкерлеріне және медиа менеджерлерге арналған жоба. Сессияларда журналист мамандығының әртүрлі аспектілері, соның ішінде мультимедиялық контент шығару, әлеуметтік желілерде жұмыс істеу, жаңалықтар ресурстарына трафикті тарту және тағы басқа тақырыптар талқыланады. 2018 жылдың наурыз айынан бастап SputnikPro шеберлік сабақтарына 80-нен астам мемлекеттен 5000-нан астам тыңдаушы қатысты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/03/39884885_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_5bc0400d8b8907963a777c33d7a381fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
журналистика, тмд
ТМД елдерінің жас журналистері тәжірибе жинады
Жоба қатысушылары Мәскеудегі "Россия сегодня" ХАА баспасөз орталығына барды
АЛМАТЫ, 6 қараша – Sputnik. "Жаңа буын" бағдарламасы бойынша Ресейдегі "SPUTNIKPRO ТМД" жобасына қатысуға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстаннан баспасөз қызметкерлері барды. Бұл туралы ТМД атқарушы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада әр түрлі елдердің жас мамандары ресейлік әріптестерімен тәжірибе алмасып, жаңа кәсіби байланыстар орнататыны айтылған.
Жоба қатысушылары "Россия сегодня" ХАА баспасөз орталығына барды, онда олар белгілі журналистерден телеграм каналдарға жаңа аудиторияны қалай тарту керектігін, жарнамалаудың қандай әдістері бар, БАҚ жұмысында VR/AR технологиялары қалай қолданылатынын білді. Қатысушылардың әрқайсысы VR/AR технологиялары әлемімен танысты.
Сондай-ақ жас мамандар ТМД елдерінің "Өзгермелі әлемдегі медианы дамыту" медиафорумына қатысты. Форумда халықаралық ынтымақтастық, журналистиканың өзекті мәселелері, оларды шешу жолдары және медиа саланың тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл тетіктерін әзірлеу және перспективаларын одан әрі болжау туралы айтылды. Жалпы ТМД елдеріндегі медиа өмірінің ең өзекті мәселелері талқыланды.
"Халықаралық журналистиканың болашағы" II медиафорумның пленарлық отырысының тақырыбы болды, панельдік сессиялар медиасферада жасанды интеллекті пайдалануға, Telegram-арналарды жүргізудің тиімді стратегияларына, Достастықтың орыс тілді БАҚ-тарын дамытуға және цифрлық дәуірде бейінді факультеттердің студенттерін даярлау ерекшеліктеріне арналған.
SputnikPro - журналистерге, бейінді жоғары оқу орындарының студенттеріне, баспасөз қызметкерлеріне және медиа менеджерлерге арналған жоба. Сессияларда журналист мамандығының әртүрлі аспектілері, соның ішінде мультимедиялық контент шығару, әлеуметтік желілерде жұмыс істеу, жаңалықтар ресурстарына трафикті тарту және тағы басқа тақырыптар талқыланады. 2018 жылдың наурыз айынан бастап SputnikPro шеберлік сабақтарына 80-нен астам мемлекеттен 5000-нан астам тыңдаушы қатысты.