Қоғам

ҚТЖ қызметкерлердің шипажайда емделгені туралы жалған есеп ұсынған: тергеу басталды

© PhotoАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2023
Жазылу
Алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Қарағанды көлік прокуратурасы "ҚТЖ" ұлттық компаниясының өңірлік бөлімшесін тексерді. Прокурорлар "Қарағанды магистралдық желі бөлімшесінің" қызметкерлерді сауықтыруға арналған қаражатты жұмсау кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізген.
ҚТЖ мен жұмысшылар арасында бекітілген ұжымдық шартта жұмыс беруші мұқтаж жұмысшыларға жеңілдік шарттарымен шипажай-курорттық емделуге жолдама беруге немесе медициналық көрсеткіштер болған жағдайда, 60 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге міндетті екені көрсетілген.
Осы құжатқа сәйкес теміржол саласының қызметкерлері әр 3 жыл сайын емдік шипажайларға жолдама алады. Барлық шығынды ҚТЖ өзі көтереді.
"Алайда ҚТЖ есептері мен курорттық ұйымдардың ақпаратын салыстыру кезінде ҚТЖ филиалының емделуді қажет ететін әрбір үшінші қызметкері санаторийге іс жүзінде бармағаны және тиісті процедураларды алмағаны анықталды. Мысалы, А.есімді азамат биыл наурыз айында сауықтыру орталығында демалғаны туралы құжат ұсынған. Алайда медициналық мекеменің жауабынан әлгі адамның оларда болмағаны анықталды", - деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы.
Тексеріс барысында теміржол саласы қызметкерлерінің курорттық ұйымдардың қызметтерін алғаны туралы 100 жалған есебі анықталды.
Алаяқтық негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеуді көліктегі полиция жүргізеді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2023
Өңірлер
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" локомотивтің жолдан шығып кету фактілерін жасырған
Жаңалықтар
0