https://sputnik.kz/20231106/koz-zhumgan-balalardyn-sany-kobeydi-iim-ata-analarga-eskertu-zhasady-39942936.html
"Көз жұмған балалардың саны көбейді": ІІМ ата-аналарға ескерту жасады
"Көз жұмған балалардың саны көбейді": ІІМ ата-аналарға ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бері жол апатынан қаза тапқан балалардың саны 14%-ға, ал зардап шеккен балалардың саны 3%-ға артып отыр 06.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-06T10:50+0500
2023-11-06T10:50+0500
2023-11-06T11:43+0500
ішкі істер министрлігі
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0f/18654222_0:157:2997:1842_1920x0_80_0_0_3d24f5558f80190b93d283f1b6114241.jpg
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жолда қаза тапқан балалардың саны өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, балалардың жолдағы қауіпсіздігі, әсіресе, оқу жылы кезінде өзекті мәселеге айналады. Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері жол апатынан қаза тапқан балалардың саны 14%-ға, ал зардап шеккен балалардың саны 3%-ға артып отыр.Баланың жолдағы мінез-құлқы көп жағдайда ата-анасына байланысты. Бала көргенін істейді. Ата-аналар жол қауіпсіздігі ережелері туралы сөйлесіп қана қоймай, өздері де сақтаса, бала жол ережесін бұзбайтын еді.Бүгінде полицейлер жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын жол апаттарының негізгі себептерін де анықтады. Олар:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0f/18654222_164:0:2831:2000_1920x0_80_0_0_7c4a2332d46643c59a77d74c513aa196.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ішкі істер министрлігі, жол апаты
ішкі істер министрлігі, жол апаты
"Көз жұмған балалардың саны көбейді": ІІМ ата-аналарға ескерту жасады
10:50 06.11.2023 (жаңартылды: 11:43 06.11.2023) Жыл басынан бері жол апатынан қаза тапқан балалардың саны 14%-ға, ал зардап шеккен балалардың саны 3%-ға артып отыр
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жолда қаза тапқан балалардың саны өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, балалардың жолдағы қауіпсіздігі, әсіресе, оқу жылы кезінде өзекті мәселеге айналады. Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері жол апатынан қаза тапқан балалардың саны 14%-ға, ал зардап шеккен балалардың саны 3%-ға артып отыр.
"Зардап шеккен балалардың жартысынан көбі – жолаушылар, ал қалғандары жаяу жүргіншілер болды. Көп жағдайда балалар ересектер тарапынан тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін зардап шегеді. Себебі олар автоорындықтар, бустерлер және адаптерлер сияқты қорғаныс құрылғыларын пайдаланбайды", - деді Боранова бүгінгі онлайн брифингте.
Баланың жолдағы мінез-құлқы көп жағдайда ата-анасына байланысты. Бала көргенін істейді. Ата-аналар жол қауіпсіздігі ережелері туралы сөйлесіп қана қоймай, өздері де сақтаса, бала жол ережесін бұзбайтын еді.
Бүгінде полицейлер жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын жол апаттарының негізгі себептерін де анықтады. Олар:
белгіленбеген жерден жолды кесіп өту;
жақындап қалған көліктің алдынан жүгіріп өту;
бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту.