https://sputnik.kz/20231106/byudzhetke-857-mlrd-tenge-qaytaryldy--antikor-39958056.html
Бюджетке 857 млрд теңге қайтарылды – Антикор
Бюджетке 857 млрд теңге қайтарылды – Антикор
Sputnik Қазақстан
Сотқа мыңнан астам іс жолданып, 282 миллиард теңге шығын өтелді 06.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-06T17:05+0500
2023-11-06T17:05+0500
2023-11-06T17:12+0500
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_4ddc7c868cc05a92f13e7e34ab439aab.jpg
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы 10 айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде баяндалды.Сотқа мыңнан астам іс жолданып, 282 миллиард теңге шығын өтелді.Сонымен қатар агенттік төрағасы 2022 жылдан бері бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне құны шамамен 857 миллиард теңге болатын мүлік активтері мен қаржы қайтарылғанын айтты.Президентке бірқатар қылмыстық істі тергеу амалдарының барысы жөнінде мәлімет берілді.Бұдан бөлек, Асхат Жұмағали мемлекет басшысына жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы есеп берді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын жүзеге асыру аясында тапсырылу мерзімі кешіктірілген, қаржы жымқыру қаупі бар әлеуметтік нысандар құрылысына мониторинг жүргізіліп жатыр. Агенттік еліміздің барлық өңірі бойынша жалпы бюджеті 2,44 триллион теңгені құрайтын осындай 156 нысан бар екенін анықтаған.Азаматтық қоғаммен өзара тығыз қарым-қатынас орнату арқылы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы іске асырылуда. Қазіргі уақытта жемқорлықтың белең алуына бей-жай қарамайтын 2 мыңнан астам азамат бұл бастамаға атсалысып жатыр.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа қарсы іс-қимылды және алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_7ef87660891fab34e7923c079ed4310f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық
Бюджетке 857 млрд теңге қайтарылды – Антикор
17:05 06.11.2023 (жаңартылды: 17:12 06.11.2023) Сотқа мыңнан астам іс жолданып, 282 миллиард теңге шығын өтелді
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы 10 айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде баяндалды.
"Осы уақыт ішінде елімізде жемқорлыққа қатысты 1500-ге жуық қылмыс тіркеліп, 1100-ден астам адамның ісі әшкереленді. Оның 158-і – түрлі деңгейдегі басшылар", - деді Асхат Жұмағали.
Сотқа мыңнан астам іс жолданып, 282 миллиард теңге шығын өтелді.
Сонымен қатар агенттік төрағасы 2022 жылдан бері бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне құны шамамен 857 миллиард теңге болатын мүлік активтері мен қаржы қайтарылғанын айтты.
Президентке бірқатар қылмыстық істі тергеу амалдарының барысы жөнінде мәлімет берілді.
Бұдан бөлек, Асхат Жұмағали мемлекет басшысына жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы есеп берді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын жүзеге асыру аясында тапсырылу мерзімі кешіктірілген, қаржы жымқыру қаупі бар әлеуметтік нысандар құрылысына мониторинг жүргізіліп жатыр. Агенттік еліміздің барлық өңірі бойынша жалпы бюджеті 2,44 триллион теңгені құрайтын осындай 156 нысан бар екенін анықтаған.
Азаматтық қоғаммен өзара тығыз қарым-қатынас орнату арқылы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы іске асырылуда. Қазіргі уақытта жемқорлықтың белең алуына бей-жай қарамайтын 2 мыңнан астам азамат бұл бастамаға атсалысып жатыр.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа қарсы іс-қимылды және алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.