Қазақстанда облыстық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр
09:10 05.11.2023 (жаңартылды: 12:26 05.11.2023)
© Sputnik / Абзал КалиевИзбирательный участок № 58 в Астане
© Sputnik / Абзал Калиев
Жазылу
Облыстық маңызы бар қала мен аудан әкімдерінің сайлауы алғаш рет пилоттық режимде өткізіліп отыр
АСТАНА, 5 қараша - Sputnik. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру басталды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
Облыстық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, елорда уақытымен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде барлық 1491 аудандық және қалалық сайлау учаскелерінде дауыс беруге кірісті.
Жамбыл және Түркістан облыстарының 3 сайлау учаскесінде аумақтық сайлау комиссияларының қабылданған шешіміне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 06.00-де басталды.
Уақыт белдеуіне сәйкес 5 өңірде - Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында сайлау учаскелері сағат 08.00-де ашылды.
Сайлаушылар тізіміне 1 062 327 азамат енгізілген.
Бұған дейін қазақстандықтар ауыл әкімдерін сайлаған еді. Енді президенттің тапсырмасы бойынша алғаш рет облыстық маңызы бар қала мен аудан әкімдерінің сайлауы өтеді. Оны алдымен пилоттық режимде ұйымдастырып көреді. Одан кейін барлық республикаға таратады.
Бұған дейін қазақстандықтар ауыл әкімдерін сайлаған еді. Енді президенттің тапсырмасы бойынша алғаш рет облыстық маңызы бар қала мен аудан әкімдерінің сайлауы өтеді. Оны алдымен пилоттық режимде ұйымдастырып көреді. Одан кейін барлық республикаға таратады.
Осы жолы 3 облыстық маңызы бар қала мен 42 аудан әкімін сайлайды. Олар:
Курчатов қаласы (Абай облысы);
Ақкөл, Астрахан, Есіл, Жақсы, мен Шортанды аудандары (Ақмола облысы);
Ырғыз, Қобда мен Ойыл аудандары (Ақтөбе облысы);
Балқаш пен Жамбыл аудандары (Алматы облысы);
Исатай мен Қызылқоға аудандары (Атырау облысы);
Алтай мен Глубокое аудандары (ШҚО);
Жуалы мен Тұрар Рысқұлов аудандары (Жамбыл облысы);
Кербұлақ пен Сарқан аудандары (Жетісу облысы);
Бөкей ордасы, Қаратөбе мен Тасқала аудандары (БҚО);
Приозерск қаласы, Ақтоғай мен Осакаровка аудандары (Қарағанды облысы);
Рудный қаласы, Алтынсарин, Денисов, Қарабалық пен Федоров аудандары (Қостанай облысы);
Сырдария мен Шиелі аудандары (Қызылорда облысы);
Бейнеу ауданы (Маңғыстау облысы);
Ақтоғай, Железин мен Шарбақты аудандары (Павлодар облысы);
Есіл, Мамлют пен Тимирязев аудандары (СҚО);
Бәйдібек, Мақтарал, Созақ пен Шардара аудандары (Түркістан облысы);
Ұлытау ауданы (Ұлытау облысы).
Сайлау қорытындысы бір аптаның ішінде 11 қазаннан кешіктірілмей жарияланады.