https://sputnik.kz/20231104/pavlodar-oblysynda-650-mln-tengege-salyngan-zhana-mektep-ashyldy-39920710.html
Павлодар облысында 650 млн теңгеге салынған жаңа мектеп ашылды
Павлодар облысында 650 млн теңгеге салынған жаңа мектеп ашылды
Sputnik Қазақстан
Салтанатты іс-шараға білім министрі мен Павлодар облысының әкімі қатысты 04.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-04T16:12+0500
2023-11-04T16:12+0500
2023-11-04T16:12+0500
павлодар облысы
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/04/39918964_0:137:3155:1912_1920x0_80_0_0_a898be9b94ef51a4d3debad4cd2360d6.jpg
ПАВЛОДАР, 4 қараша – Sputnik. Павлодар облысының Қаражар ауылында жаңа мектеп ашылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.Салтанатты рәсімге Қазақстанның оқу-ағарту министрі қатысты.Ол "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында алдағы үш жылда 740 мың орындық 369 мектептің құрылысын бастау жоспарланып отырғанын айтты.Көктемде басталған нысанның құрылысына"ERG" тобымен жасалған меморандум бойынша 650 миллион жұмсалды. Жұмысты "ЕвроТехСтрой-2003"ЖШС орындады.Екі қабатты ғимаратта 11 оқу кабинеті, шеберханалар, спортзал, конференц-зал, шағын орталық, асхана, IT-сыныптар бар. Ашық спорт алаңы бар мектеп ауласы да абаттандырылды.Бұл Биыл Павлодар облысында тапсырылған алғашқы мектеп емес. Қыркүйек айында Железин ауданы Моисеевка ауылында Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп пайдалануға берілді, ол да апатты мектептің орнына салынды.2023 жылы 54 мектепті жаңғырту үшін бюджет қаражатынан 6465,4 млн теңге бөлінді. Жаңғырту жұмыстары 100% аяқталды.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/04/39918964_213:0:2944:2048_1920x0_80_0_0_bcbcac18f9aada895e2e980fc0a14e8b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, мектеп
Павлодар облысында 650 млн теңгеге салынған жаңа мектеп ашылды
Салтанатты іс-шараға білім министрі мен Павлодар облысының әкімі қатысты
ПАВЛОДАР, 4 қараша – Sputnik. Павлодар облысының Қаражар ауылында жаңа мектеп ашылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Салтанатты рәсімге Қазақстанның оқу-ағарту министрі қатысты.
"Тек 1 қазанға дейін бүкіл ел бойынша 78 500 оқушыға арналған 77 жаңа мектеп ашылды. Бұл көрсеткішті 132 мың жаңа оқушы орнына жеткізуді жоспарлап отырмыз, бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің мәселесін, сондай-ақ 113 елді мекенде оқушы орындарының тапшылығын шешуге мүмкіндік береді", - деді Ғани Бейсембаев.
Ол "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында алдағы үш жылда 740 мың орындық 369 мектептің құрылысын бастау жоспарланып отырғанын айтты.
Көктемде басталған нысанның құрылысына"ERG" тобымен жасалған меморандум бойынша 650 миллион жұмсалды. Жұмысты "ЕвроТехСтрой-2003"ЖШС орындады.
Екі қабатты ғимаратта 11 оқу кабинеті, шеберханалар, спортзал, конференц-зал, шағын орталық, асхана, IT-сыныптар бар. Ашық спорт алаңы бар мектеп ауласы да абаттандырылды.
Бұл Биыл Павлодар облысында тапсырылған алғашқы мектеп емес. Қыркүйек айында Железин ауданы Моисеевка ауылында Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп пайдалануға берілді, ол да апатты мектептің орнына салынды.
2023 жылы 54 мектепті жаңғырту үшін бюджет қаражатынан 6465,4 млн теңге бөлінді. Жаңғырту жұмыстары 100% аяқталды.