Көкшетауда кәсіпкерлерге айыппұл заңсыз салынған

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2023
Жазылу
Ақмола облысы көліктік бақылау инспекциясының 7 қаулысы заңсыз деп танылды
АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Көкшетауда әкімшілік істерді қарау кезінде кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған, деп хабарлайды бас көлік прокуратурасы.
Көлік прокуратурасы автожолдарда көлік құралдарының өлшемдерін өлшеу кезінде қателіктердің дұрыс есептелмегенін анықтады.
"Прокуратураның қадағалау актісімен Ақмола облысы көліктік бақылау инспекциясының 7 қаулысы заңсыз деп танылды. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтарға тарту туралы жалпы сомасы 1,6 млн теңгеге айыппұл алынып тасталды", - дейді ведомство.
Көлік прокурорлары осы жұмысты басқа өңірлерде де жүргізіп жатыр.
Жаңалықтар
0