"Арзан ет сатамын": Қостанайда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

© Photo : СС0 / PexelsЕт
Ет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2023
Жазылу
Қыз ет сатып алу үшін белгісіз нөмірге 13 мың теңге жіберген
АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Қостанайда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды, деп хабарлады "Алау" порталы.
21 қазанда Қостанай қаласының тұрғыны солтүстік полиция бөліміне алаяқтық фактісі туралы шағымданған. Ол 21 қазанда ет сатып алу мақсатында "ватсаптағы" топқа жазған.
"Ватсап тобындағы әкімші әзірге тартылған ет жоқ деп жауап берген. Кейінірек жәбірленушіге тартылған етті топта ұсынылған бағадан да арзан сатып алуға болатыны туралы бейтаныс нөмірден хабарлама түскен. Қыз көрсетілген нөмірге 13 мың теңге жіберген. Алайда ет те, ақша да сол күйі жоқ болған", - дейді ведомство.
Қазір ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция облыс тұрғындарына күмәнді хабарламаларға сенбеуге шақырды.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2023
Шымкентте таныстары мен туыстарын 340 млн теңгеге алдаған қылмыстық топ сотталды
Жаңалықтар
0