Алматыда жүрген 101 шетелдік елден шығарылды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2023
Жазылу
Полиция қызметкерлері 305 шетелдікті анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты
АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Алматыда 101 шетелдік азамат Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлады Polisia.kz.
Жергілікті профилактикалық іс-шаралар барысында қаладағы көші-қон қызметі мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 305 шетелдікті анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
"Анықталғандардың көбі – Өзбекстан мен Африка құрлығы елдерінің азаматтары. Полицияның қабылдап-тарату ғимаратына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 106 шетел азаматы орналастырылды. Сот қаулысымен 101 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды", - дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Тиісті шара қолданбағаны үшін 115 қабылдаушы тарап ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды: 97 жеке тұлға, 18 заңды тұлға. Төрт компанияға қатысты "Халықтың көші-қоны туралы" заңына сәйкес алдағы уақытта шетелдіктерді шақыруға тыйым салынды.
Жаңалықтар
0