Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Тынық мұхитының үстінде америкалық баллистикалық зымыран жарылып кетті

© Photo : U.S. Air Force/Senior Airman Ashley BosterТранспортно-заряжающая машина межконтинентальной баллистической ракеты Minuteman III армии США
Транспортно-заряжающая машина межконтинентальной баллистической ракеты Minuteman III армии США - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2023
Жазылу
Minuteman III континентаралық баллистикалық зымыранының нысанаға жетпей жарылуы Пентагонның жүйелі сәтсіздігінің көрінісі болып табылады, деп жазды ресейлік әскери шолуш Александр Хроленко.
Minuteman III континентаралық баллистикалық зымыраны (КБЗ) 1 қарашада сынақ барысында АҚШ-тың Ванденберг әскери базасынан (Калифорния) ұшырылды және көп ұзамай Тынық мұхитының үстінде "күтпеген аномалия салдарынан" жарылды.
Зымыранды ұшырар алдында Пентагон Minuteman III сынағы "стратегиялық қауіпсіздік жүйесінің сенімділігін растайтынын" және "ресейліктерге жауап" болатынын айтты. Айта кету керек, 25 қазанда ресейлік стратегиялық күштер баллистикалық және қанатты зымырандарды сәтті ұшырды. Олар ықтимал ядролық шабуылға жауап ретінде жаппай ядролық соққы жасаған кездегі әркетті пысықтады. 1 қарашадағы сынақтардың нәтижесі америкалық стратегиялық ядролық күштердің (СЯК) сенімділігіне үлкен күмән тудырады.
Minuteman III КБЗ Тынық мұхитына бірінші рет құлап жатқан жоқ. Мысалы, 2022 жылдың шілдесінде континентаралық зымыран ұшырылғаннан кейін бірнеше секундтан кейін сәтсіздікке ұшырады. 2021 жылы белгісіз себептермен сынақтық ұшыру зымыран әлі жерде болған кезеңде тоқтатылды. 2018 жылы Тынық мұхитының үстінде континентаралық баллистикалық зымыранның "аномальды" ұшуы тоқтатылды. ХХІ ғасырдағы Minuteman III сынақтарының жартысы сәтсіз аяқталды. Зымыран 1970 жылдан бері қызмет етуде және модернизациялар оның ескіргенін өтей алмайды.
"Сонымен қатар Пентагонда бес штатта 13 000 километрге дейін ұшатын шамамен 400 Minuteman III КБЗ бар. Әрбір 39 тонналық зымыран салмағы 1,1 тонна болатын бір оқтұмсықпен жабдықталған. Бұл АҚШ ядролық триадасының негізгі және ең әлсіз буыны", - деп жазды Хроленко.
АҚШ стратегиялық қолбасшылығының басшысы Чарльз Ричард бұған дейін Сенат пен Ақ үй әкімшілігіне былай деп ескерткен болатын: "Minuteman III зымыранының қызмет ету мерзімін ұзарта алмаймыз. Зымырандардың ескіргені соншалық, олардың конструкторлары қайтыс болды. Ал қазіргі инженерлерде тіпті қажетті техникалық құжаттаманың бір бөлігі де жоқ". Сондықтан ауыстыру қажеттілігі туындағалы біраз уақыт болды.
Жаңа LGM-35 Sentinel шахтаға негізделген КБЗ жүйесін Northrop Grumman және Lockheed Martin корпорациялары жасап жатыр. Жобаның құны 265 миллиард долларды құрайды. Оқтұмсықты өндіруді бастау және LGM-35 Sentinel КБЗ операциялық дайындығына қол жеткізу 2039 жылдың қазан айына жоспарланған. Амеерикалық баллистикалық зымырандар құрылысындағы технологиялық проблемаларды ескерсек, бұл күмәнді перспектива.
Хроленконың пікірінше, стратегиялық ядролық қаруды жетілдіру саласында Ресей Америкадан ондаған жылдар алда келе жатыр. Ресейлік "Сармат" КБЗ және америкалық Minuteman III зымыранының сипаттамаларын салыстыру АҚШ-тың технологиялық артықшылығы туралы қауесеттердің қаншалықты асыра айтылғанын түсінуге мүмкіндік береді.
Ұшыру салмағы 210 тонна болатын бір "Сармат" Жердің кез келген полюстері арқылы 7,5 ядролық мегатоннаны жеткізуге және агрессор мемлекеттің 35 миллионнан астам азаматын қырып-жоюға қабілетті. Ал мұндай 10 зымыран кез келген елді толығымен жояды. КБЗ жауынгерлік техникасының диапазоны айтарлықтай кеңейтіліп, "Авангард" гипердыбыстық қондырғылары 28 Мах (33 мың км/сағ астам) жылдамдықпен қозғала алады.
"Америкалық реактивті зымыран ресейлік "Сарматқа" бәсекелес емес. Дегенмен АҚШ ядролық триадасының басқа құрамдас бөліктері мінсіз емес. Модернизацияланған Вьетнам соғысының ардагері B-52 Stratofortress қызметте тұрғанына 70 жылдан асты. B-1 Lancer ауыр бомбалаушы ұшақтары 1985 жылдан бері қызмет етуде, ядролық арсеналы жоқ және техникалық ақауларға байланысты 90% дайын емес". – деп жазды Хроленко.
Әрқайсысы 2 миллиард доллар тұратын B-2 Spirit бомбалаушы ұшақтары осыдан қырық жыл бұрын Мәскеуге ядролық соққы беру үшін жасалған, бірақ олар тым күрделі және бұзылуға бейім. "Лансерлер" және "Спириттер" жақын арада қолданыстан шығарылды, ал жаңа B-21 Raider стратегиялық бомбалаушы оларды алмастырмайды.
Стратегиялық шабуылдаушы қаруды қысқарту туралы шарт бойынша Ресей Федерациясының стратегиялық ядролық күштерінің ең жоғарғы шегі тұрақты дайындықта тұр. Ресейдің жоғары технологиялық стратегиялық ядролық күштерінің заманауи деңгейі 83%-дан асады.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0