https://sputnik.kz/20231103/qazaqstandyqtar-ushin-bayqonyrga-kirip-shygu-tartibi-zhenildetiledi-39877691.html
Қазақстандықтар үшін Байқоңырға кіріп-шығу тәртібі жеңілдетіледі
Қазақстандықтар үшін Байқоңырға кіріп-шығу тәртібі жеңілдетіледі
Sputnik Қазақстан
Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы рәсімдеген келісім 1 желтоқсанан бастап күшіне енеді 03.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-03T09:35+0500
2023-11-03T09:35+0500
2023-11-03T09:35+0500
байқоңыр
https://sputnik.kz/img/07e6/04/10/24247171_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_c5c73f6bd04367fda0676936f127549b.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Қазақстан азаматтары үшін Байқоңыр қаласына кіріп-шығу тәртібі жеңілдетіледі. Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы рәсімдеген келісім 1 желтоқсанан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Qyzylorda арнасына сілтеме жасап.Ресейге жалға берілген ғарыш айлағы ерекше күзетіледі. Айналасы қоршалған. Ал қалаға арнайы бекеттер арқылы кіргізеді. Бейнебақылау жүйесі де бар. Байқоңырда тұратындар қалаға туыстарын, я болмаса, достарын кіргіземіз десе, барлық құжатты алдын ала жіберуі керек. Оны комиссия тексереді. Бір аптадан кейін ғана рұқсат қағазын алады. 1 желтоқсаннан бастап осы тәртіп өзгереді. Алдын ала құжат жіберудің қажеті жоқ.Президенттің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың айтуынша, ғарыш айлағына басқа біреуді кіргізу үшін он күн бұрын режимдік комиссияға құжат жіберу талабы болған. Ондай талапты алып тастауға ұсыныс жасалды. Бірақ жаңа жүйені алдымен пилоттық режимде іске асырып көреді."1 желтоқсаннан бастап кіреберісте бір маман отырады. Ол келген Қазақстан азаматтарына бірден рұқсат қағазын жазып береді. Осындай шешімге келдік", - дейді Нұртай.
байқоңыр
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/10/24247171_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_fce1e4a7ebc1228c6b23019ff58a1bc2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
байқоңыр
Қазақстандықтар үшін Байқоңырға кіріп-шығу тәртібі жеңілдетіледі
Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы рәсімдеген келісім 1 желтоқсанан бастап күшіне енеді
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Қазақстан азаматтары үшін Байқоңыр қаласына кіріп-шығу тәртібі жеңілдетіледі. Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы рәсімдеген келісім 1 желтоқсанан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Qyzylorda арнасына сілтеме жасап.
Ресейге жалға берілген ғарыш айлағы ерекше күзетіледі. Айналасы қоршалған. Ал қалаға арнайы бекеттер арқылы кіргізеді. Бейнебақылау жүйесі де бар. Байқоңырда тұратындар қалаға туыстарын, я болмаса, достарын кіргіземіз десе, барлық құжатты алдын ала жіберуі керек. Оны комиссия тексереді. Бір аптадан кейін ғана рұқсат қағазын алады. 1 желтоқсаннан бастап осы тәртіп өзгереді. Алдын ала құжат жіберудің қажеті жоқ.
Президенттің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың айтуынша, ғарыш айлағына басқа біреуді кіргізу үшін он күн бұрын режимдік комиссияға құжат жіберу талабы болған. Ондай талапты алып тастауға ұсыныс жасалды. Бірақ жаңа жүйені алдымен пилоттық режимде іске асырып көреді.
"1 желтоқсаннан бастап кіреберісте бір маман отырады. Ол келген Қазақстан азаматтарына бірден рұқсат қағазын жазып береді. Осындай шешімге келдік", - дейді Нұртай.