Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтар оқиғасы: басшылық оқ атуға бұйрық берді – күзетші

© AP Photo / Vladimir TretyakovАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2023
Жазылу
Резиденция бекетін күзеткен мемлекеттік күзетшілерге жоғарғы жақтан қару қолдану туралы бұйрық түскен
АЛМАТЫ, 3 қараша – Sputnik. Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы президент резиденциясына шабуыл жасағандарға қатысты қылмыстық істі қарау басталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.
Сот отырысында куәгерлерден жауап алынды.
"Біз 4-бекетті күзеттік. Шабуыл жасаушыларды көрдім, кім екенін нақты айта алмаймын. Өйткені қалың тұман болды, оның үстіне екі жыл уақыт өтіп кетті, түрі есімде жоқ. Шабуылдаушылардың қолынан дубинка көрдім. Резиденцияның, қоршаудың сыртында бір-екі курсантты ұрғанын көрдім", - дейді мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері Нұрбек Тоқтарбаев.
Оның айтуынша, резиденция бекетін күзеткен мемлекеттік күзетшілерге жоғарғы жақтан қару қолдану туралы бұйрық түскен.
"Бізге автомат пен тапанша берілді. Шабуыл кезінде қолданбадық. Оқ-дәрі жәшіктерде тұрды. Қолдану туралы басшылықтан бұйрық болды, бірақ біздің бекетте қару қолданатындай жағдай болған жоқ. Яғни шабуылдаушылар қару қолданатындай әрекет жасамады. Басқа 1-ші және 2-ші бекетте қару қолданды. Бұл шамамен түстен кейінгі уақыт еді", - дейді куәгер Нұрбек Тоқтарбаев.
Ал кесілген басты мемлекеттік қызметкерлердің бір де бірі көрмеген.
"Біздің қызметкерлерден ешкім жараланған жоқ, шабуылдаушылар да жараланбады. Біз тұрғанда резиденцияға ешкім кірген жоқ. Курсанттардың басы кесіп алды дегенді мүлдем естімедік, өз басым ондайды көрмедім", - дейді Нұрбек Тоқтарбаев.
Куәгердің айтуынша, резиденцияға келгендер шабуылдаушылар емес, митингіге шығушылар.
Ал куәгер Азат Ынтықбаев 2022 жылы қаңтарда таксист болып жұмыс істеген. Дәл сол қаңтар қақтығысында жұмысқа шыққан.
Азат Ынтықбаев сот залында отырған айыпталушылардың бір де бірін танымаймын деді. Алайда тергеу кезінде танимын деп куә болған.
"Прокурор видеоларды көрсетті. Таксиге отырған адамдарды танисың ба деп сұрады. Тергеуші менен бір емес, бірнеше жауап алды. Мен таксиге отырған адамның сотталушыға ұқсайды деп айтқаным есімде жоқ", - дейді ол.
Такси жүргізушінің тергеушіге берген жауабы мен сот залындағы сөзі екі бөлек болды. Бұл адвокаттардың наразылығын туғызды.
Жаңалықтар
0