МАГАТЭ Үлкен ауылындағы учаскені АЭС салуға жарамды деп таныды – Сәтқалиев

© PhotoФлаг МАГАТЭ
Флаг МАГАТЭ - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2023
Жазылу
Бірақ құрылыс туралы шешім жалпыхалықтық референдум нәтижесі бойынша қабылданады
АЛМАТЫ, 3 қараша — Sputnik. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) сарапшылары Алматы облысының Үлкен ауылындағы алаңды атом электр станциясын салуға жарамды деп санайды. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Алматыда өткен брифингте мәлімдеді.
Сәтқалиевтің айтуынша, энергетика министрлігі МАГАТЭ-мен тығыз байланыста.
"Олар бізге қолдау көрсету, құрылыс салу, қауіпсіз технологияларды таңдау, кейіннен пайдалану және ядролық қалдықтарды одан әрі кәдеге жаратц бойынша қызметтердің толық кешенін ұсынуға дайын. Сондай-ақ олар Үлкен ауылындағы алаңының жалпы дайын екенін, яғни, АЭС салуға жарамды екенін атап өтті", - деді Сәтқалиев.
Министр Қазақстан президентінің тапсырмасына сәйкес, атом электр станциясын салу мүмкіндігі туралы шешім қабылдау кезінде қазақстандықтардың пікірін ескеру мақсатында жалпыхалықтық референдум өтетінін еске салды.
"Біз энергетика министрлігі ретінде барлық қажетті сараптамалық қолдауды көрсетеміз. Қазір өтінімдерді қарастырмаймыз, кеңес беру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, бірақ нақты технологияны таңдау бойынша жұмыс жасамаймыз. Бұл референдумның нәтижелері біз үшін түбегейлі маңызды", – деді Сәтқалиев.
Министр бұл процесті жеделдету орынсыз екенін, оның орнына халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты.
"Қазір қазақстандықтарға атом энергетикасының біз үшін қаншалықты маңызды екенін, оның жұмыс орындарын құру, құрылыс индустриясын, инженерияны, жоғары білім беруді, орта-техникалық білім беруді, ғылыми-қолданбалы зерттеулерді, біріктірілген салаларды дамыту тұрғысынан қандай мүмкіндіктер беретінін түсіндіруге басты назар аудару қажет", – деді энергетика министрлігінің басшысы.
Жаңалықтар
0