Газа секторынан Рафах бақылау бекеті арқылы 600-ден астам адам эвакуацияланады

© AP Photo / Hatem AliКПП "Рафах"
КПП Рафах - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2023
Жазылу
Мысыр сыртқы істер министрлігі Газа секторынан 60-тан астам елден келген 7 мыңға жуық шетелдікті эвакуациялауға күш салып жатыр
АСТАНА, 3 қараша - Sputnik. "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы 620-дан астам адам Палестинаның Газа секторынан шыға алады. Олардың ішінде қос азаматтығы бар адамдар да бар. Тізімді өткізу пунктінің әкімшілігі әлеуметтік желілерінде жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости.
Бүгінде эвакуацияланғандардың арасында шетел азаматтары да, қос азаматтығы бар палестиналықтар да бар.
Бір күн бұрын Рафах бақылау-өткізу бекетінің өкілі Ваиль Абу Омар бір тәулік ішінде шекара бекетінен 400-ден астам адам өткенін айтқан болатын.
Мысыр сыртқы істер министрлігі Газа секторынан 60-тан астам елден келген 7 мыңға жуық шетелдікті эвакуациялауға күш салып жатқанын хабарлады.
Айта кетейік, Газа секторында құрбан болғандар саны 9 мыңнан асты, 21 мыңнан астамы жараланған. Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, Израильде 1,3 мыңнан астам адам қаза тапқан. Түрлі ақпарат көздері ұсынған ақпаратқа сәйкес, ХАМАС тұтқынында 150-ге жуық израильдік болуы мүмкін. Қозғалыстың өзі Газа секторында 200-250-дей тұтқын бар екенін мәлімдеді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2023
Газа секторында 9 мыңнан астам адам көз жұмды
Жаңалықтар
0