https://sputnik.kz/20231103/aqtobede-25-mln-tengenin-altynyn-urlap-ketken--oqiganyn-videosy-tarady-39903657.html
Ақтөбеде 25 млн теңгенің алтынын ұрлап кеткен – оқиғаның видеосы тарады
Ақтөбеде 25 млн теңгенің алтынын ұрлап кеткен – оқиғаның видеосы тарады
Sputnik Қазақстан
Күдіктілер қылмыстың ізін жасыру үшін Орал қаласына кетіп қалған. Алайда көп ұзамай барлығы ұсталды 03.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-03T15:44+0500
2023-11-03T15:44+0500
2023-11-03T15:44+0500
ақтөбе
https://sputnik.kz/img/07e5/02/01/16186235_0:16:1281:736_1920x0_80_0_0_cf77e037b1c9bcb117ebd3673bf54355.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Ақтөбе қаласындағы сауда орталығында 25 миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды. Олардың әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.1 қарашада түнгі уақытта Ақтөбе қаласындағы ірі сауда-ойын сауық орталықтарының бірінде аса ірі көлемде алтын бұйымдары ұрланды. Сатушы оны келесі күні көріп, бірден полицияға арыз түсірген.Тергеушілер бейнежазбаларды қарап шығып, медициналық бетперде киген ер адамның сауда орнына жасырын кіріп, кілт салу арқылы шкафтан алтын бұйымдарды ұрлағанын анықтады.Жедел іздестіру шаралары кезінде 25 жастағы ер адам ұсталды. Күдікті қылмысты жалғыз өзі жасамаған болып шықты, тағы үш сыбайласы анықталды.Сол күні төртеуі құлаққап арқылы сөйлесіп, қылмыс жасаған. Сосын Орал қаласына кетіп қалған. Ертесінде барлығы ұсталды.Қазіргі кезде Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігі (Ұрлық, қылмыстық топ жасаған әрекет) бойынша сотқа дейінге тергеу басталды. Осы қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Ұрланған алтындар тәркіленді.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/01/16186235_133:0:1114:736_1920x0_80_0_0_96862776cabf70f71c8ef1c94228dfec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе
Ақтөбеде 25 млн теңгенің алтынын ұрлап кеткен – оқиғаның видеосы тарады
Күдіктілер қылмыстың ізін жасыру үшін Орал қаласына кетіп қалған. Алайда көп ұзамай барлығы ұсталды
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Ақтөбе қаласындағы сауда орталығында 25 миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды. Олардың әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына
сілтеме жасап.
1 қарашада түнгі уақытта Ақтөбе қаласындағы ірі сауда-ойын сауық орталықтарының бірінде аса ірі көлемде алтын бұйымдары ұрланды. Сатушы оны келесі күні көріп, бірден полицияға арыз түсірген.
Тергеушілер бейнежазбаларды қарап шығып, медициналық бетперде киген ер адамның сауда орнына жасырын кіріп, кілт салу арқылы шкафтан алтын бұйымдарды ұрлағанын анықтады.
Жедел іздестіру шаралары кезінде 25 жастағы ер адам ұсталды. Күдікті қылмысты жалғыз өзі жасамаған болып шықты, тағы үш сыбайласы анықталды.
Сол күні төртеуі құлаққап арқылы сөйлесіп, қылмыс жасаған. Сосын Орал қаласына кетіп қалған. Ертесінде барлығы ұсталды.
Қазіргі кезде Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігі (Ұрлық, қылмыстық топ жасаған әрекет) бойынша сотқа дейінге тергеу басталды. Осы қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Ұрланған алтындар тәркіленді.