https://sputnik.kz/20231102/yunisef-gazadagy-dzhebaliya-lagerine-zhasagan-izraildin-soqqysyn-qyrgyn-dep-atady-39836569.html
ЮНИСЕФ Газадағы Джебалия лагеріне жасаған Израильдің соққысын қырғын деп атады
ЮНИСЕФ Газадағы Джебалия лагеріне жасаған Израильдің соққысын қырғын деп атады
Sputnik Қазақстан
Газа секторындағы Джебалия босқындар лагеріне Израильдің жасаған соққыларынан кемінде 195 адам қаза тауып, тағы 777 адам жараланған 02.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-02T09:47+0500
2023-11-02T09:47+0500
2023-11-02T09:47+0500
израиль
палестина
қақтығыс
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/01/39809941_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_88be2ad1de76ebb9d651196b1a252fdc.jpg
АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) Газа секторындағы Джебалия босқындар лагеріне Израильдің жасаған соққысын қырғын деп атады, деп хабарлайды РИА Новости.ЮНИСЕФ атап өткендей, қаза тапқан балалардың саны туралы ешқандай болжам жоқ болса да, "жүздеген адам жарақат алып, қаза тапқан сияқты", олардың арасында, алдын ала мәліметтер бойынша, кәмелетке толмағандар да бар.Бұған дейін ХАМАС қозғалысына сілтеме жасаған Reuters агенттігі сейсенбі және сәрсенбі күндері Газа секторындағы Джебалия босқындар лагеріне Израильдің жасаған соққыларынан кемінде 195 адам қаза тауып, тағы 777 адам жараланғанын хабарлаған болатын.Сейсенбі күні Газаның ішкі істер министрлігі Джебалияға жасалған әуе соққыларынан кемінде 400 адам қаза тауып, жараланған деп хабарлады. Кейіннен ЦАХАЛ ресми өкілі Ричард Хехт ХАМАС қолбасшысын жою әрекеті кезінде босқындар лагеріне Израильдің шабуыл жасағанын растады. Ол бейбіт тұрғындардың қаза болуын трагедия деп атады, бірақ олардың өліміне палестиналық қозғалыстың басшылығы кінәлі деп санайды.БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы сәрсенбі күні Израиль күштерінің Газа секторындағы Джебалия босқындар лагерін атқылауы әскери қылмыспен теңестірілуі мүмкін екенін ескертті.
https://sputnik.kz/20231101/izrail-dzhebaliya-bosqyndar-lagerine-soqqy-zhasady-39799849.html
израиль
палестина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/01/39809941_211:0:2942:2048_1920x0_80_0_0_946e95f0b5533364eb73685dcc2717bf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
израиль, палестина, қақтығыс
израиль, палестина, қақтығыс
ЮНИСЕФ Газадағы Джебалия лагеріне жасаған Израильдің соққысын қырғын деп атады
Газа секторындағы Джебалия босқындар лагеріне Израильдің жасаған соққыларынан кемінде 195 адам қаза тауып, тағы 777 адам жараланған
АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) Газа секторындағы Джебалия босқындар лагеріне Израильдің жасаған соққысын қырғын деп атады, деп хабарлайды РИА Новости.
"Кешегі және бүгінгі соққылардан кейін Газа секторындағы Джебалия лагерінен шыққан қанды қырғын көріністері қорқынышты", - делінген ұйым мәлімдемесінде.
ЮНИСЕФ атап өткендей, қаза тапқан балалардың саны туралы ешқандай болжам жоқ болса да, "жүздеген адам жарақат алып, қаза тапқан сияқты", олардың арасында, алдын ала мәліметтер бойынша, кәмелетке толмағандар да бар.
Бұған дейін ХАМАС қозғалысына сілтеме жасаған Reuters агенттігі сейсенбі және сәрсенбі күндері Газа секторындағы Джебалия босқындар лагеріне Израильдің жасаған соққыларынан кемінде 195 адам қаза тауып, тағы 777 адам жараланғанын хабарлаған болатын.
Сейсенбі күні Газаның ішкі істер министрлігі Джебалияға жасалған әуе соққыларынан кемінде 400 адам қаза тауып, жараланған деп хабарлады. Кейіннен ЦАХАЛ ресми өкілі Ричард Хехт ХАМАС қолбасшысын жою әрекеті кезінде босқындар лагеріне Израильдің шабуыл жасағанын растады. Ол бейбіт тұрғындардың қаза болуын трагедия деп атады, бірақ олардың өліміне палестиналық қозғалыстың басшылығы кінәлі деп санайды.
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы сәрсенбі күні Израиль күштерінің Газа секторындағы Джебалия босқындар лагерін атқылауы әскери қылмыспен теңестірілуі мүмкін екенін ескертті.