https://sputnik.kz/20231102/qazaqstandyqtar-memlekettik-mekemelerge-tekserispen-bara-alady-39853087.html
Қазақстандықтар мемлекеттік мекемелерге тексеріспен бара алады
Қазақстандықтар мемлекеттік мекемелерге тексеріспен бара алады
Sputnik Қазақстан
Азаматтарға қоғамдық бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін заң 2024 жылы сәуірде күшіне енеді 02.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-02T13:06+0500
2023-11-02T13:06+0500
2023-11-02T13:06+0500
тексеру
тексеріс
https://sputnik.kz/img/07e6/03/01/23194196_0:151:2964:1818_1920x0_80_0_0_9f105b7316da07499455a85d052f1674.jpg
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров келесі жылдан бастап Қазақстан азаматтары мемлекеттік мекемелерге қоғамдық бақылау жүргізе алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жуырда президент қол қойған "Қоғамдық бақылау туралы" заң келесі жылы 4 сәуірде күшіне енеді.Вице-министрдің айтуынша, қоғамдық бақылауды Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары және үкіметтік емес ұйымдар жүргізе алады.Азаматтар мына объектілерге қоғамдық бақылау жүргізе алады:"Егер азамат, мысалы мемлекеттік мекемеге, емханаға немесе мектепке қоғамдық бақылау жүргізгісі келсе, ең алдымен ол өзі тексергісі келетін мекемеге хабарландыру жіберуі керек. Мекемені хабардар еткеннен кейін қоғамдық бақылау жүргізуге болады. Ешқандай проблема туындамайды", - деді вице-министр.Сондай-ақ қазақстандықтар қоғамдық бақылау топтарын құра алады. Топ кемінде бес азаматтан құралуы керек."Бес азамат біргіп "осындай топ құрылды, осы сала қызықтырады, осыған байланысты біз осы мекемеге тексеру жүргіземіз деп хаттамасын жасайды да, сол хаттамасын жібереді. Соған сәйкес жұмыс жүргізіледі", - деп түсіндірді ол.Қадыровтың айтуынша, қоғамдық бақылау туралы заңды әзірлеу барысында әлем елдерінің заңнамасы зерделенген. Олардың арасында АҚШ, Еуропа елдері, Корея, Жапония бар."Мысалы АҚШ-та әрбір адам кез келген мекемеге өзі барып, қоғамдық бақылау жүргізе алады. Ешқандай шектеу жоқ. Біз де алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені қолданып, осындай мүмкіндік беріп отырмыз, - дейді вице-министр.Айта кетері, биыл 2 қазанда президент "Қоғамдық бақылау туралы" заңға қол қойды. Заң алты айдан кейін, яғни 2024 жылы 4 сәуірде күшіне енеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/01/23194196_233:0:2964:2048_1920x0_80_0_0_b322cf3b398ffc0573d011d5606db6f1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тексеру, тексеріс
Қазақстандықтар мемлекеттік мекемелерге тексеріспен бара алады
Азаматтарға қоғамдық бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін заң 2024 жылы сәуірде күшіне енеді
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров келесі жылдан бастап Қазақстан азаматтары мемлекеттік мекемелерге қоғамдық бақылау жүргізе алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жуырда президент қол қойған "Қоғамдық бақылау туралы" заң келесі жылы 4 сәуірде күшіне енеді.
Вице-министрдің айтуынша, қоғамдық бақылауды Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары және үкіметтік емес ұйымдар жүргізе алады.
"18 жасқа толмаған, өтелмеген соттылығы бар, наркологиялық немесе психикалық диспансерде есепте тұрған азаматтар қоғамдық бақылауға жіберілмейді", - деді Қадыров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Азаматтар мына объектілерге қоғамдық бақылау жүргізе алады:
жергілікті атқарушы органдар,
орталық атқарушы органдар,
дербес білім беру ұйымдары.
"Егер азамат, мысалы мемлекеттік мекемеге, емханаға немесе мектепке қоғамдық бақылау жүргізгісі келсе, ең алдымен ол өзі тексергісі келетін мекемеге хабарландыру жіберуі керек. Мекемені хабардар еткеннен кейін қоғамдық бақылау жүргізуге болады. Ешқандай проблема туындамайды", - деді вице-министр.
Сондай-ақ қазақстандықтар қоғамдық бақылау топтарын құра алады. Топ кемінде бес азаматтан құралуы керек.
"Бес азамат біргіп "осындай топ құрылды, осы сала қызықтырады, осыған байланысты біз осы мекемеге тексеру жүргіземіз деп хаттамасын жасайды да, сол хаттамасын жібереді. Соған сәйкес жұмыс жүргізіледі", - деп түсіндірді ол.
Қадыровтың айтуынша, қоғамдық бақылау туралы заңды әзірлеу барысында әлем елдерінің заңнамасы зерделенген. Олардың арасында АҚШ, Еуропа елдері, Корея, Жапония бар.
"Мысалы АҚШ-та әрбір адам кез келген мекемеге өзі барып, қоғамдық бақылау жүргізе алады. Ешқандай шектеу жоқ. Біз де алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені қолданып, осындай мүмкіндік беріп отырмыз, - дейді вице-министр.
Айта кетері, биыл 2 қазанда президент "Қоғамдық бақылау туралы" заңға қол қойды. Заң алты айдан кейін, яғни 2024 жылы 4 сәуірде күшіне енеді.