https://sputnik.kz/20231102/frantsiya-orano-kompaniya-qazaqstan-zhobalar-39833146.html
Францияның Orano компаниясы Қазақстанға жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды ұсынды
Францияның Orano компаниясы Қазақстанға жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Францияның атом өнеркәсібінің лидері саналатын Orano елімізде 27 жыл бойы жұмыс істеп келеді 02.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-02T08:22+0500
2023-11-02T08:22+0500
2023-11-02T08:22+0500
экономика
компания
атом электр станциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39832676_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_d46cb3ac64f1e45dc09091632e004c85.jpg
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Orano S. A. компаниясының бас операциялық директоры Николя Мас энергетика саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Кездесу барысында үкімет басшысы Қазақстан мен Франция энергетика саласында байырғы стратегиялық әріптес екенін атап өтті.Николас Мас Orano-ның Қазақстанмен өзара іс-қимылды кеңейтуге қызығушылығын білдірді."Қазіргі уақытта бізге екі тараптан да өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ете алатын ірі жобалар жетіспейді. Сол себепті бүгін мен қарым-қатынасымызды нақты жобалар негізінде жаңғыртуды ұсынғым келеді", — деді ол.Сонымен қатар кездесуге энергетика министрлігі, "Самұрық-Қазына" АҚ және "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының өкілдері қатысты.Оrano S.A. – Францияның атом өнеркәсібінің ірі көшбасшы компаниясы. Қызметінің негізгі бағыттары атом энергетикасымен, яғни уран өндіру, өңдеу және байыту, ядролық отынды тасымалдау, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу және тағы басқалармен байланысты.
https://sputnik.kz/20231019/qazaqstanda-aes-salatyn-kompaniya-zhyl-sonyna-deyin-belgili-bolady-39497008.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39832676_251:0:1751:1125_1920x0_80_0_0_f0b1461cf08705a65d700ff266d27fc6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
компания, атом электр станциясы
компания, атом электр станциясы
Францияның Orano компаниясы Қазақстанға жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды ұсынды
Францияның атом өнеркәсібінің лидері саналатын Orano елімізде 27 жыл бойы жұмыс істеп келеді
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Orano S. A. компаниясының бас операциялық директоры Николя Мас энергетика саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында үкімет басшысы Қазақстан мен Франция энергетика саласында байырғы стратегиялық әріптес екенін атап өтті.
"Orano – біздің осы бағыттағы маңызды және сенімді серіктесіміз. Компания Қазақстанда 27 жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді. Бұл орайда, “КАТКО” бірлескен кәсіпорны – ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестіктің дәлелі. Біз ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастыруға дайынбыз", — деді Смайылов.
Николас Мас Orano-ның Қазақстанмен өзара іс-қимылды кеңейтуге қызығушылығын білдірді.
"Қазіргі уақытта бізге екі тараптан да өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ете алатын ірі жобалар жетіспейді. Сол себепті бүгін мен қарым-қатынасымызды нақты жобалар негізінде жаңғыртуды ұсынғым келеді", — деді ол.
Сонымен қатар кездесуге энергетика министрлігі, "Самұрық-Қазына" АҚ және "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының өкілдері қатысты.
Оrano S.A. – Францияның атом өнеркәсібінің ірі көшбасшы компаниясы. Қызметінің негізгі бағыттары атом энергетикасымен, яғни уран өндіру, өңдеу және байыту, ядролық отынды тасымалдау, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу және тағы басқалармен байланысты.