https://sputnik.kz/20231102/almatyda-mektep-askhanalaryna-beynekamera-ornatyldy-39836104.html
Алматыда мектеп асханаларына бейнекамера орнатылды
Алматыда мектеп асханаларына бейнекамера орнатылды
Sputnik Қазақстан
Әкімдіктегілердің айтуынша, бұл шешім оқушыларды дұрыс әрі сапалы теңдестірілген тамақпен қамтамасыз ету үшін қабылданған 02.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-02T10:24+0500
2023-11-02T10:24+0500
2023-11-02T10:24+0500
қоғам
алматы
асхана
мектеп
бейнекамера
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39836403_0:46:1280:766_1920x0_80_0_0_73760637a090cbc342028073fee0df81.jpg
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Алматыда оқушылардың тамақтану сапасын бақылау үшін 206 мектептің асханасына бейнебақылау орнатылды, деп хабарлайды қала әкімдігі.Ведомствоаралық сараптама тобы қала мектептерінде тамақтанудың сапасы мен тиімді ұйымдастырылуына мониторинг жүргізеді.Оның айтуынша, қазір орта білім беру ұйымдарында тамақты 85 жалға алушы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, соңғы уақытта жергілікті бюджеттен мектеп асханасының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қаражат бөлініп отыр.Қала әкімінің бастамасымен 2022-2023 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап мемлекеттік мектептердің 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтанады.Биыл жергілікті бюджет есебінен жалпы бюджет 20,4 млрд теңге болды. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балаларды қосқанда, бүгінде 134 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтылып отыр.
https://sputnik.kz/20220505/mektep-askhanasy-daretkhanasy-baqylau-aktsiyasy-24661626.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39836403_99:0:1182:812_1920x0_80_0_0_e7bc8c61a45b18202affa0d016337418.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, асхана, мектеп, бейнекамера
алматы, асхана, мектеп, бейнекамера
Алматыда мектеп асханаларына бейнекамера орнатылды
Әкімдіктегілердің айтуынша, бұл шешім оқушыларды дұрыс әрі сапалы теңдестірілген тамақпен қамтамасыз ету үшін қабылданған
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Алматыда оқушылардың тамақтану сапасын бақылау үшін 206 мектептің асханасына бейнебақылау орнатылды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Ведомствоаралық сараптама тобы қала мектептерінде тамақтанудың сапасы мен тиімді ұйымдастырылуына мониторинг жүргізеді.
"206 мемлекеттік мектептің асханасына камера орнатылған, қалада барлығы 215 мемлекеттік мектеп бар. Бұл комиссияға кез келген уақытта балаларға арналған тағамның қалай дайындалатынын көруге мүмкіндік береді", - деді білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.
Оның айтуынша, қазір орта білім беру ұйымдарында тамақты 85 жалға алушы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, соңғы уақытта жергілікті бюджеттен мектеп асханасының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қаражат бөлініп отыр.
Қала әкімінің бастамасымен 2022-2023 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап мемлекеттік мектептердің 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтанады.
Биыл жергілікті бюджет есебінен жалпы бюджет 20,4 млрд теңге болды. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балаларды қосқанда, бүгінде 134 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтылып отыр.