https://sputnik.kz/20231102/almatyda-mas-kuzetshi-oqushy-qyzdy-qushaqtap-suye-bastagan-direktor-zhumystan-quyldy-39856410.html
Алматыда мас күзетші оқушы қызды құшақтап, сүйе бастаған: директор жұмыстан қуылды
Алматыда мас күзетші оқушы қызды құшақтап, сүйе бастаған: директор жұмыстан қуылды
Sputnik Қазақстан
Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол 15 күнге қамауға алынған 02.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-02T15:02+0500
2023-11-02T15:02+0500
2023-11-02T15:07+0500
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e4/08/19/14792069_0:312:3001:2000_1920x0_80_0_0_a95897c8562e2b1dd6bb5d6e929fce20.jpg
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Алматыда мас күзетшінің оқушы қызға тиісу фактісінен кейін мектеп директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, министрлік осындай фактілер туралы естісе, балалардың құқығын қорғау комитеті шұғыл оқиға орнына барып, басқа мемлекеттік органдармен тергеуге қатысады және сол мәселені тұрақты бақылауда ұстайды.Бұған дейін БАҚ-та Алматыдағы 160 мектепте күзетші 6-сынып оқушысына тиіскені хабарланған болатын. Ер адам оқиға кезінде мас болған. Ол қызды құшақтап, бетінен сүйе бастаған. Абырой болғанда, бала құтылып, қашып үлгерген.Күзетшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 15 күнге қамауға алынған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/19/14792069_0:0:2667:2000_1920x0_80_0_0_137b81a6d8932959ab51a883523c9006.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп
Алматыда мас күзетші оқушы қызды құшақтап, сүйе бастаған: директор жұмыстан қуылды
15:02 02.11.2023 (жаңартылды: 15:07 02.11.2023) Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол 15 күнге қамауға алынған
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Алматыда мас күзетшінің оқушы қызға тиісу фактісінен кейін мектеп директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Тиісті шаралар қолға алынды. Аталған білім беру ұйымының басшысы қызметінен қуылды. Білім басқармасы тарапынан тиісті шара қабылданды, тергеу жүріп жатыр", - деді Бейсембаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, министрлік осындай фактілер туралы естісе, балалардың құқығын қорғау комитеті шұғыл оқиға орнына барып, басқа мемлекеттік органдармен тергеуге қатысады және сол мәселені тұрақты бақылауда ұстайды.
Бұған дейін БАҚ-та Алматыдағы 160 мектепте күзетші 6-сынып оқушысына тиіскені хабарланған болатын. Ер адам оқиға кезінде мас болған. Ол қызды құшақтап, бетінен сүйе бастаған. Абырой болғанда, бала құтылып, қашып үлгерген.
Күзетшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 15 күнге қамауға алынған.