Қоғам

Абай облысында шенеуніктер порт құрылысы үшін жер телімін ұзақ уақыт бермей қойған

Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2023
Жазылу
Кәсіпкер облыс прокуратурасына шағымданды
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Абай облысының прокуратурасы инвестициялық жобаны жүзеге асыратын кәсіпкердің құқығын қорғады.
Прокуратураға "Cedrus GmbH" неміс компаниясының Үржар ауданы Жалаңашкөл станциясында "Alakol Port" портын салу бойынша инвестициялық жобасын іске асыратын "SG Solution" ЖШС арызданған.
Жоба құны 40 млрд теңгеге бағаланған, оның аясында мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған.
"Прокурорлар Абай облысының әкімдігі жобаны инвестициялық деп танығаннан кейін жер учаскесін алу туралы қаулыны бекіту және инвестициялық жобаны іске асыру процесін үш айдан астам заңсыз созғанын анықтады", - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
Кәсіпкерлік субъектісі прокуратураға жүгінгеннен кейін ғана инвестордың құқықтары қалпына келтірілді.
Облыстың кәсіпкерлік басқармасы бөлімінің басшысы кінәлі деп танылып, тәртіптік жауапқа тартылды.
Судебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2023
Ақтөбе облысында 200-ден астам кәсіпкер заңсыз жауапқа тартылған
Жаңалықтар
0