Захарова журналистикадағы жаңа қауіп-қатерлерді атады

© Photo : Пресс-служба МИД РФОфициальный представитель МИД РФ Мария Захарова
Официальный представитель МИД РФ Мария Захарова - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Батыс елдері саясатпен санаспайтын журналистерге өз жерінен кәдімгідей "сығып шығаруға" тырысады. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
ТМД-ға мүше елдердің II медиафорумы аясында медианы дамыту мәселелері талқыланды. Сессия кезінде Захарова журналистикадағы жаңа қауіп-қатерлерге тоқталды.
"Журналистикадағы жаңа қауіп-қатерлерің сипаты айқын көріне бастады. Осы саладан ыңғайсыз, ұнамсыз және саясатпен санаспайтын мамандарды шығарып жіберуге тырысады. Себебі халық арасында хаос жасау әрекеті толығымен іске аспады. Ал журналистиканың контуры, мамандықтың негізгі мақсат-міндеті бар. Енді кәдімгідей ашық "сығып тұрып шығару" әрекеттері басталды", – дейді Захарова.
Осы орайда министрліктің ресми өкілі Болгариядағы "Российская газетаның" тілшісі Александр Гацакты мысалға келтірді. Оны тіркеу куәлігін тоқтатып тастады.
Захарованың ойынша, Ресей де басқа елдерге тура солай істейтінін ашық ескертуі керек.
"Мен бұл мәселені алты-жеті жыл бұрын көтеріп, сыртқы істер министрліктерінің консультациялары кезінде нақты фактілерді де көрсеткенмін. Көбісі, соның ішінде қытайлық достарымыз да маған сенбеген сияқты. Өздеріне ондай қауіп төнбейді деп ойлады. Бірақ олар да осы проблемаға тап болды. Қытайлық медиа Батыстың агрессиясынан қатты зардап шекті", – деп атап көрсетті министрліктің ресми өкілі.
Оның айтуынша, халықаралық ұйымдарға сенім жоқ. Себебі олардың салалық институттары Батысқа қарап қалды, санкциядан қорқады. Қудалау басталады деп сескенеді.
"Олар (халықаралық алаңдар – ред.), өкінішке қарай, сенімнен айырылды. Әлемде болып жатқан жағдайды көре тұра, адам құқықтары мен бостандықтары мәселесін қалай қозғайды? Дегенмен осы әдіс-тәсілдер бар болғаннан кейін біз оның бәрін қолдана береміз", – деді Захарова.
Жаңалықтар
0