https://sputnik.kz/20231101/ukraina-qaruly-kushteri-nato-nyn-qoldauyna-muqtazh--39973401.html
Украина Қарулы күштері НАТО-ның қолдауына мұқтаж
Украина Қарулы күштері НАТО-ның қолдауына мұқтаж
Sputnik Қазақстан
Киев режимі АҚШ пен НАТО-ның қолдауынсыз әрекет ете алмайды. Сондықтан Ресей армиясы Украина Қарулы күштері үшін ұйымдастырған Авдеевкадағы ахуал Мәскеу... 01.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-01T22:39+0500
2023-11-01T22:39+0500
2023-11-07T14:39+0500
украина
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/05/39924698_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_c5c46b3238ae9806bf9801f21a7fe864.jpg
Киев режимі АҚШ пен НАТО-ның қолдауынсыз әрекет ете алмайды. Сондықтан Ресей армиясы Украина Қарулы күштері үшін ұйымдастырған Авдеевкадағы ахуал Мәскеу талаптары бойынша Вашингтон мен Брюссельді бітімгершілікке мәжбүрлеуге бағытталған операцияның элементі болып табылады, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Арнайы әскери операция аймағындағы Ресей армиясы қарсы шабуыл жасап, украин әскерінің Авдеевкадағы тобын жан-жақтан қысып жатыр. Украина Қарулы күштерінің Авдеевка бекініс аймағын операциялық қамту және Украина Бас штабы майданның басқа бөлімдерінен бағыттаған резервтерін жою жалғасып жатыр.Ресей әскері қазан айының соңында Авдеевканың солтүстігі мен оңтүстігіндегі плацдармды кеңейтті, ұрыс даласындағы ахуал Украина Қарулы күштерінің штабтары мен басқару орталықтарын Авдеевка бекініс аймағынан 60 километр қашықтықта орналасқан Краматорск қаласына көшуге мәжбүрлеуде.Ресейлік әскердің шеткі нүктелерінің арасындағы қашықтық шамамен 9 шақырымды құрайды. Авдеевканың батысы мен солтүстігіндегі аумақ Украина Қарулы күштерінің қорғанысы үшін инженерлік техникамен жабдықталмаған."Ресей Қарулы күштері қарсы шабуылға кірісу үшін қысты күткен жоқ. Авдеевка бағытында украин әскерінің адам күші мен әскери техникасының шығыны артып, немістің Leopard 2A6 танктері өрртке орануды жалғастыруда. Украина Қарулы күштерінің Новомихайловка, Победа, Георгиевка, Нетайлов, Яснобродовка, Ласточкино және Керамикадағы позициялары ресейлік артиллериямен атқылануда", - деп жазды Хроленко.Ашық дереккөздерге сенсек, Украина Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Валерий Залужный президент Владимир Зеленскийден "Бахмут оқиғасын" қайталамауды және Авдеевка бекініс аймағынан әскерді шығаруды сұрады. Қоршауда қалу қаупіне қарамастан, Зеленский Авдеевкаға резервтерді жіберуді талап етті. Сонымен бірге Киев АҚШ пен НАТО-дан жаңа қару-жарақ пен оқ-дәрі сұрап отыр.Батыс Авдеевканың берілуін Украинаға әскери көмектің қысқаруымен және тоқтатылуымен байланыстырады. Пентагон басшысы Ллойд Остин кеше Конгрессте АҚШ Киев режимін қолдауды тоқтатса, Путин жеңеді деп мәлімдеді. Бірақ U.S. News & World Report америкалық журналдың рейтингінде Ресей армиясы әлемде бірінші орында тұрғанын ескерсек, Ресей бәрібір жеңеді.Бахмут фортециясына қарағанда Авдеевка бекініс аймағы шынымен де стратегиялық маңызға ие. Авдеевкадан айырылса, Украина Қарулы күштерінің майданы Днепрдің оң жағалауына дейін жойылуы мүмкін. Сондықтан Авдеевска бағытында Киев режимі Украина Қарулы күштерінің жеке құрамы мен әскери техникасының соңғы резервтерін бағыттап жатыр.Украинада майданға жаппай жұмылдыру жарияланды. Дегенмен бұл Украина Қарулы күштеріне дайындықтан өткен мамандардың, қару-жарақ резервтерінің, оқ-дәрілердің, жанар-жағармайдың және жауынгерлік қимылдарды жүргізу үшін қажетті басқа да материалдық құралдардың қатты тапшылығын өтемейді, дейді Хроленко.НАТО мен Украина қарулы күштерінің ресурстары таусылып жатыр. Ұжымдық Батыстың әскери-өнеркәсіптік кешенінің арсеналдары мен қуаттары Киевтің әскери қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті емес. Себебі артиллериялық снарядты банкнота секілді бір жылда бір миллион данада басып шығару мүмкін емес. Еске салсақ, Украина Қарулы күштері жылына 2 миллионнан астам артиллериялық снаряд жұмсайды. Ал қазір Батыс үшін палестиналық ХАМАС қозғалысымен соғыста Израильге әскери көмек көрсету мәселесі туындады.CNN телеарнасы бұған дейін "артиллериялық оқ-дәрілерді Батысқа қарағанда жеті есе арзан және сегіз есе жылдам шығаратын" Ресей қару-жарақ бәсекесінде сенімді түрде жеңіске жеткенін мәлімдеді. Америкалық The National Interest басылымы "Украина мен Батыс елдері біріксе де Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенін енді қуып жете алмайды" деп жазды.Батыстағылар Украина Қарулы Күштеріне көмектескені үшін Мәскеу олардың аумағына қарсы соққы беруі мүмкін деп секемденеді. Британиыляқ Spectator журналы былай деп жазды: "Америкалықтар Батыстың Украинаның барлау қызметіне көмегін Мәскеу Батыс қаруын Ресей аумағына қарсы қолдану ретінде қарастырады және ол кек қайтарады деп алаңдайды"."Мысль Польска" басылымы былай деп хабарлады: "Қыркүйек айының соңында Украина да, НАТО елдері де дайындалған көктемгі-жазғы ірі шабуылдың сәтсіз аяқталғаны белгілі болды. Осылайша Ресейдің қарсы шабуылы уақыт талабына айналды".Бұған дейін америкалық экономист Дэвид Сакс қақтығыстың Ресейдің талаптары бойынша Украинаға Батыстың қауіпсіздік кепілдігін берумен және орыстілді аймақтардан айырылумен аяқталатынын болжады.Хроленконың пікірінше, Украина Қарулы күштерінің сәтсіз қарсы шабуылы кезінде батыстық стратегтер мен сарапшылардың риторикасы күрт өзгерді. Америкалық генерал Марк Милли атаған Киевтің әскери табысқа жететін мерзімі (қараша айының басына дейін) аяқталды. "Ресейдің ұрыс даласында жеңілуі" туралы әңгіме із-түзсіз жоғалып кетті. Бүгінде АҚШ пен НАТО тек Украинаның мемлекет ретінде сақталуына қол жеткізуге тырысуда. Дегенмен Ресейдің арнайы әскери операциясының мақсаттары мен міндеттері өзгеріссіз қалды.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/05/39924698_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_71076b63552f611b975ea1b9a4f6bcc6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Киев режимі АҚШ пен НАТО-ның қолдауынсыз әрекет ете алмайды. Сондықтан Ресей армиясы Украина Қарулы күштері үшін ұйымдастырған Авдеевкадағы ахуал Мәскеу талаптары бойынша Вашингтон мен Брюссельді бітімгершілікке мәжбүрлеуге бағытталған операцияның элементі болып табылады, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Арнайы әскери операция аймағындағы Ресей армиясы қарсы шабуыл жасап, украин әскерінің Авдеевкадағы тобын жан-жақтан қысып жатыр. Украина Қарулы күштерінің Авдеевка бекініс аймағын операциялық қамту және Украина Бас штабы майданның басқа бөлімдерінен бағыттаған резервтерін жою жалғасып жатыр.
Ресей әскері қазан айының соңында Авдеевканың солтүстігі мен оңтүстігіндегі плацдармды кеңейтті, ұрыс даласындағы ахуал Украина Қарулы күштерінің штабтары мен басқару орталықтарын Авдеевка бекініс аймағынан 60 километр қашықтықта орналасқан Краматорск қаласына көшуге мәжбүрлеуде.
Ресейлік әскердің шеткі нүктелерінің арасындағы қашықтық шамамен 9 шақырымды құрайды. Авдеевканың батысы мен солтүстігіндегі аумақ Украина Қарулы күштерінің қорғанысы үшін инженерлік техникамен жабдықталмаған.
"Ресей Қарулы күштері қарсы шабуылға кірісу үшін қысты күткен жоқ. Авдеевка бағытында украин әскерінің адам күші мен әскери техникасының шығыны артып, немістің Leopard 2A6 танктері өрртке орануды жалғастыруда. Украина Қарулы күштерінің Новомихайловка, Победа, Георгиевка, Нетайлов, Яснобродовка, Ласточкино және Керамикадағы позициялары ресейлік артиллериямен атқылануда", - деп жазды Хроленко.
Ашық дереккөздерге сенсек, Украина Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Валерий Залужный президент Владимир Зеленскийден "Бахмут оқиғасын" қайталамауды және Авдеевка бекініс аймағынан әскерді шығаруды сұрады. Қоршауда қалу қаупіне қарамастан, Зеленский Авдеевкаға резервтерді жіберуді талап етті. Сонымен бірге Киев АҚШ пен НАТО-дан жаңа қару-жарақ пен оқ-дәрі сұрап отыр.
Батыс Авдеевканың берілуін Украинаға әскери көмектің қысқаруымен және тоқтатылуымен байланыстырады. Пентагон басшысы Ллойд Остин кеше Конгрессте АҚШ Киев режимін қолдауды тоқтатса, Путин жеңеді деп мәлімдеді. Бірақ U.S. News & World Report америкалық журналдың рейтингінде Ресей армиясы әлемде бірінші орында тұрғанын ескерсек, Ресей бәрібір жеңеді.
Бахмут фортециясына қарағанда Авдеевка бекініс аймағы шынымен де стратегиялық маңызға ие. Авдеевкадан айырылса, Украина Қарулы күштерінің майданы Днепрдің оң жағалауына дейін жойылуы мүмкін. Сондықтан Авдеевска бағытында Киев режимі Украина Қарулы күштерінің жеке құрамы мен әскери техникасының соңғы резервтерін бағыттап жатыр.
Украинада майданға жаппай жұмылдыру жарияланды. Дегенмен бұл Украина Қарулы күштеріне дайындықтан өткен мамандардың, қару-жарақ резервтерінің, оқ-дәрілердің, жанар-жағармайдың және жауынгерлік қимылдарды жүргізу үшін қажетті басқа да материалдық құралдардың қатты тапшылығын өтемейді, дейді Хроленко.
НАТО мен Украина қарулы күштерінің ресурстары таусылып жатыр. Ұжымдық Батыстың әскери-өнеркәсіптік кешенінің арсеналдары мен қуаттары Киевтің әскери қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті емес. Себебі артиллериялық снарядты банкнота секілді бір жылда бір миллион данада басып шығару мүмкін емес. Еске салсақ, Украина Қарулы күштері жылына 2 миллионнан астам артиллериялық снаряд жұмсайды. Ал қазір Батыс үшін палестиналық ХАМАС қозғалысымен соғыста Израильге әскери көмек көрсету мәселесі туындады.
CNN телеарнасы бұған дейін "артиллериялық оқ-дәрілерді Батысқа қарағанда жеті есе арзан және сегіз есе жылдам шығаратын" Ресей қару-жарақ бәсекесінде сенімді түрде жеңіске жеткенін мәлімдеді. Америкалық The National Interest басылымы "Украина мен Батыс елдері біріксе де Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенін енді қуып жете алмайды" деп жазды.
Батыстағылар Украина Қарулы Күштеріне көмектескені үшін Мәскеу олардың аумағына қарсы соққы беруі мүмкін деп секемденеді. Британиыляқ Spectator журналы былай деп жазды: "Америкалықтар Батыстың Украинаның барлау қызметіне көмегін Мәскеу Батыс қаруын Ресей аумағына қарсы қолдану ретінде қарастырады және ол кек қайтарады деп алаңдайды".
"Мысль Польска" басылымы былай деп хабарлады: "Қыркүйек айының соңында Украина да, НАТО елдері де дайындалған көктемгі-жазғы ірі шабуылдың сәтсіз аяқталғаны белгілі болды. Осылайша Ресейдің қарсы шабуылы уақыт талабына айналды".
Бұған дейін америкалық экономист Дэвид Сакс қақтығыстың Ресейдің талаптары бойынша Украинаға Батыстың қауіпсіздік кепілдігін берумен және орыстілді аймақтардан айырылумен аяқталатынын болжады.
Хроленконың пікірінше, Украина Қарулы күштерінің сәтсіз қарсы шабуылы кезінде батыстық стратегтер мен сарапшылардың риторикасы күрт өзгерді. Америкалық генерал Марк Милли атаған Киевтің әскери табысқа жететін мерзімі (қараша айының басына дейін) аяқталды. "Ресейдің ұрыс даласында жеңілуі" туралы әңгіме із-түзсіз жоғалып кетті. Бүгінде АҚШ пен НАТО тек Украинаның мемлекет ретінде сақталуына қол жеткізуге тырысуда. Дегенмен Ресейдің арнайы әскери операциясының мақсаттары мен міндеттері өзгеріссіз қалды.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы.