https://sputnik.kz/20231101/ukimet-qazaqstannyn-memlekettik-qaryzyn-qalay-tomendetedi-39828318.html
Үкімет Қазақстанның мемлекеттік қарызын қалай төмендетеді
Үкімет Қазақстанның мемлекеттік қарызын қалай төмендетеді
Sputnik Қазақстан
Қарыздан құтылу тізімінде үш негізгі тармақ бар 01.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-01T19:12+0500
2023-11-01T19:12+0500
2023-11-01T19:12+0500
мемлекеттік қарыз
https://sputnik.kz/img/1304/28/13042826_0:84:2000:1209_1920x0_80_0_0_9dd9d557ac4a066757e0c373cfe39936.jpg
АЛМАТЫ, 1 қараша – Sputnik. Мәжілістің жалпы отырысында Әлихан Смайылов қызмет көрсету және мемлекеттің борыштық міндеттемелерін одан әрі төмендету жөніндегі жұмыс туралы айтты, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.Смайылов президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жарлығымен 2030 жылға дейін мемлекеттік қаржыны басқарудың арнайы тұжырымдамасын бекіткенін айтты.Оның айтуынша, үкімет Қазақстанның борыштық міндеттемелерін азайтуда бірқатар шара қабылдап жатыр. Біріншіден, бюджет тапшылығының төмендеуі."Соңғы уақытта бізде бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шамамен 3% болды. Биыл ол 2,7%-ке дейін төмендетілді, одан әрі 2026 жылға қарай 2,3%-ке дейін жеткізіледі. Бұл жаңа қарыз алуды шектеуге және қарыздың өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік береді", - деді Әлихан Смайылов.Екіншіден, бұл мемлекеттік бюджеттің өз кірістерін ұлғайту. Ол үшін салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру жалғасады.Үшіншіден, бұл қаржы министрлігінің бағалы қағаздарын халықаралық индекстерге қосу."Қарыз алу бағасын және сәйкесінше қарызға қызмет көрсету шығындарын төмендету үшін қор нарығына халықаралық инвесторларды тартуға мүмкіндік береді", — деді Смайылов.Оның айтуынша, үкімет артық валюталық тәуекелдерді жою және қарызға қызмет көрсету шығындарын одан әрі азайту үшін негізінен ішкі нарықта қарыз алу саясатын қабылдады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1304/28/13042826_223:0:2000:1333_1920x0_80_0_0_80ea9b213c89a877878b54ba7219f4ca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік қарыз
Үкімет Қазақстанның мемлекеттік қарызын қалай төмендетеді
Қарыздан құтылу тізімінде үш негізгі тармақ бар
АЛМАТЫ, 1 қараша – Sputnik. Мәжілістің жалпы отырысында Әлихан Смайылов қызмет көрсету және мемлекеттің борыштық міндеттемелерін одан әрі төмендету жөніндегі жұмыс туралы айтты, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Смайылов президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жарлығымен 2030 жылға дейін мемлекеттік қаржыны басқарудың арнайы тұжырымдамасын бекіткенін айтты.
"Мұндай кешенді құжат алғаш рет қабылданды. Онда қаржыны басқару, оның ішінде мемлекеттік қарызды басқару бойынша қатаң келісімдер (міндеттемелер) белгіленген. Үкімет бұл келісімдерді ұстанады", — деді премьер-министр.
Оның айтуынша, үкімет Қазақстанның борыштық міндеттемелерін азайтуда бірқатар шара қабылдап жатыр. Біріншіден, бюджет тапшылығының төмендеуі.
"Соңғы уақытта бізде бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шамамен 3% болды. Биыл ол 2,7%-ке дейін төмендетілді, одан әрі 2026 жылға қарай 2,3%-ке дейін жеткізіледі. Бұл жаңа қарыз алуды шектеуге және қарыздың өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік береді", - деді Әлихан Смайылов.
Екіншіден, бұл мемлекеттік бюджеттің өз кірістерін ұлғайту. Ол үшін салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру жалғасады.
Үшіншіден, бұл қаржы министрлігінің бағалы қағаздарын халықаралық индекстерге қосу.
"Қарыз алу бағасын және сәйкесінше қарызға қызмет көрсету шығындарын төмендету үшін қор нарығына халықаралық инвесторларды тартуға мүмкіндік береді", — деді Смайылов.
Оның айтуынша, үкімет артық валюталық тәуекелдерді жою және қарызға қызмет көрсету шығындарын одан әрі азайту үшін негізінен ішкі нарықта қарыз алу саясатын қабылдады.