Тоқаев: Франция – Қазақстанның Еуропадағы өте маңызды әрі сенімді серіктесі

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон
Қасым-Жомарт Тоқаев пен  Эмманюэль Макрон  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2023
Жазылу
Биыл сегіз айда екіжақты сауда-саттық көлемі 2,7 млрд долларға жеткен
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция президенті Эмманюэль Макрон Ақордада кеңейтілген кездесу өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаев бүгінгі кездесу екі ел арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастықты жаңа белеске көтеретініне кәміл сенетінін атап өтті.
"Франция – Қазақстанның Еуропадағы өте маңызды әрі сенімді серіктесі. Былтыр өзара тауар айналымы 30%-ке өсіп, 4 млрд долларға жетті. Биыл сегіз ай ішінде екіжақты сауда-саттық көлемі былтырғымен салыстырғанда 21 пайызға артты. Яғни 2,7 млрд долларға жетті", - деді Тоқаев Ақордада Макронмен өткен кеңейтілген кездесуде.
Айтуынша, Франция осыған дейін Қазақстанға 18,7 млрд долларға жуық инвестиция салған. Бірлескен жобалар энергетика, бейбіт атом, тау-кен, химия өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс заттарын өндіру, аэроғарыш, фармацевтика және басқа да салаларды қамтиды.
"Бұдан бөлек тағы бірқатар маңызды жоба қолға алынбақ. Бұл жобалар бүгін өтетін қазақ-француз бизнес форумында жан-жақты талқыланады", - деді президент.
Сонымен бірге президент екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстары жандана түскенін айтты.
"Макрон мырза, осының бәрі сіздің жеке қолдауыңыздың арқасында жүзеге асырылып жатыр. Мен сіздің өзара қарым-қатынасты дамытуға қосып отырған өлшеусіз үлесіңізді жоғары бағалаймын. Сондай-ақ, екі елдің ынтымақтастығын жаңа белеске көтеру үшін бар күш-жігерімді салып, өзіңізбен бірге жұмыс істеуге дайын екенімді тағы да атап өткім келеді", - деп түйіндеді сөзін Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін, 1 қарашада Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді. Макронның сапары бір күнге созылады.
Токаев и Макрон провели переговоры в узком формате  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2023
Тарихи сапар деуге болады: Қазақстан мен Франция басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді
Жаңалықтар
0