Соловьев: Жасанды интеллект журналистердің рөлін күшейтеді деп сенгім келеді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуИнформационные технологии
Информационные технологии - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 қараша - Sputnik. Ресей журналистер Одағының басшысы Владимир Соловьев жасанды интеллект журналистиканың дамуына ықпал етеді деп үміттенетінін айтты.
Ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің "Өзгермелі әлемдегі медианың дамуы" II медиафорумы аясында пікірімен бөлісті.
"Қазірдің өзінде жасанды интеллект ақысыз және шексіз мәтіндер шығарады, жаңалықтар жазады. Бұл болашақта әлі де дамитын болады. Генеративті модельдер біздің рөлімізді шектемей, күшейте отырып, интеллектуалды және креативті журналистикаға ықпал етеді деп үміттенгім келеді", – деп жазды РИА Новости Соловьевтің сөзін.
Журналистер қазірдің өзінде блогерлермен және Telegram-арналармен өте бәсекелес. Ал болашақта оларды жасанды интеллектпен қатал бәсекелестік күтіп тұр, деп ескертті Соловьев.
ТМД-дағы бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі жағдайы мен болашағын талдауға арналған медиафорум сәрсенбіде Мәскеуде ашылды.
 Дмитрий Киселев   - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2023
Киселев ТМД елдерін өз тағдыры үшін жауапкершілік алуға шақырды
Жаңалықтар
0