Саясаттанушы: ТМД елдері үшін БАҚ - бірлікті қорғау құралы

© Sputnik / Абзал КалиевВыборы президента Казахстана, 20 ноября 2022 год
Выборы президента Казахстана, 20 ноября 2022 год - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 қараша – Sputnik. ТМД елдері үшін бұқаралық ақпарат құралдары - бірлікті қорғау құралы. Мәскеуде ТМД-ға мүше елдердің медиафорумының маңыздылығы туралы Sputnik радиосында саяси ғылымдар кандидаты Дмитрий Журавлев түсіндірді.
Мәскеуде ТМД-дағы бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талдауға арналған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің "Өзгермелі әлемде медианың дамуы" медиафорумы ашылды.
Аймақтық проблемалар институтының ғылыми жетекшісі, Ресей Үкіметі жанындағы қаржы университетінің доценті, саяси ғылымдар кандидаты Дмитрий Журавлев Sputnik радиосының эфирінде ТМД-ға мүше елдердің бұқаралық ақпарат құралдары бүгінде бірқатар қиындықтарға тап болып жатқанын айтты.
"Бұл сыртқы қысым. Бұл техникалық деңгей, дегенмен барлық республикалар қиын кезеңнен өтті, кейде бұқаралық ақпарат құралдарына мойын бұруға мұрша болған жоқ. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарының қоғаммен және билікпен өзара әрекеттесуі. Мен бұл мәселе ең өткір және ең ауыр деп айтпаймын. Бірақ бұл ТМД-ның әртүрлі елдерінде әртүрлі деңгейде шешілетін ең қиын мәселе. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары да, билік те, қоғам да ортақ шешімге келу жолында өзгергісі келмейді. Сондықтан бәрі оңай емес. Ресейде бұл мәселе біраз оңынан шешілген, алайда бұған орасан күш жұмсалды", – деді Дмитрий Журавлев.
Саясаттанушының пікірінше, бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарына ТМД елдері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және бірлікті қорғау міндеті жүктелген.
"Біздің еліміз үшін ТМД-ның барлық елдерімен өзара іс-қимыл маңызды, ал БАҚ - өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін құрал. Егер белгілі бір республиканың бұқаралық ақпарат құралдары тұрғындарға Ресей өз уақытында "құлады" деп үйретсе, онда өзара қарым-қатынас дұрыс болмайды. Батыс дәл осы ұстанымды жүзеге асырады, сол себепті бұқаралық ақпарат құралдары біздің бірлігімізді қорғаудың құралы болып табылады. Басқа құрал жоқ. Сондықтан Ресей үшін бұл құрал маңызды. Бұл ТМД-ның басқа елдері үшін одан да маңызды. Тіпті Американы эталон деп санайтын елдер үшін олардың эталоны әлі де алыс. Ал біз бір жолмен ғана жүрдік. Егер Ресей сәл алға шықса, онда бұл біздің даму деңгейіміздің белгісі. Артымыздан келе жатқандар біз жасаған қателіктерді қайталамауы мүмкін, керісінше үйренуі мүмкін. Сондықтан олар үшін бұл да өте маңызды", – деп қорытындылады Дмитрий Журавлев.
Жаңалықтар
0