Қазақстан мен Францияның кеңейтілген құрамдағы келіссөздерінде қандай мәселелер талқыланды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаГлава государства провел переговоры с Президентом Франции в расширенном составе
Глава государства провел переговоры с Президентом Франции в расширенном составе - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2023
Жазылу
Тоқаев екі ел халықтарының игілігі жолындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға Қазақстанның дайын екенін жеткізді
АСТАНА, 1 қараша- Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Францияның энергетика, құрылыс, аэроғарыш, фармацевтика, тау-кен және химия өнеркәсібі, машина жасау салаларындағы бірлескен жобалары жаңа серпін алуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының айтуынша, Эмманюэль Макронның алғашқы сапары екіжақты қарым-қатынасты дамытуға тың серпін береді және көпжақты ынтымақтастықты мүлде жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік жасайды.
"Франция – Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды әрі сенімді серіктесі. Былтыр өзара тауар айналымы 30 пайызға өсіп, 4 миллиард долларға жетті", – деді президент.
Тоқаев биылғы сегіз айда екіжақты сауда-саттық көлемі өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға артты, яғни 2,7 миллиард долларды құрағанын айтты.
Ол Франция бұған дейін ел экономикасына шамамен 18,7 миллиард долларға жуық инвестиция салғанын атап өтті. Кеңейтілген келіссөз барысында тараптар жасыл энергетика, логистика, транзит, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, цифрландыру және білім беру салаларындағы алдағы ықпалдастықтың басым бағыттарын айқындады.
Эмманюэль Макрон екі ел арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісімнің қабылданғанына 15 жыл толғанын атап өтті.
"Біз бұрынғы жобаларға да, жаңа бастамаларға да инвестиция салуды қолдаймыз. Бұдан бөлек мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымыз да қарқынды дамып келеді. Білім-ғылым салаларында нақты келісім бар. 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақ-француз университеті өз жұмысын бастайды, – деді Франция президенті.
Екі ел басшылары өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге қатысты тұрақты қарым-қатынастың маңыздылығына назар аударып, халықаралық ұйымдар аясындағы диалогты тереңдету қажет екенін атап өтті.
Токаев и Макрон провели переговоры в узком формате  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2023
Тарихи сапар деуге болады: Қазақстан мен Франция басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді
Жаңалықтар
0