https://sputnik.kz/20231101/qazaqstan-frantsiyaga-shiki-munay-eksportyn-arttyruga-dayyn--toqaev-39830148.html
Қазақстан Францияға шикі мұнай экспортын арттыруға дайын – Тоқаев
Қазақстан Францияға шикі мұнай экспортын арттыруға дайын – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Тоқаев жаңартылатын энергия көздері саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыру үшін халықаралық көптеген ірі компания Қазақстанға келіп жатқанын атап өтті 01.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-01T19:38+0500
2023-11-01T19:38+0500
2023-11-01T19:40+0500
франция
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/01/39820330_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_5361b1013e4f16fc0a23891a309738db.jpg
АСТАНА, 1 қараша - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-француз бизнес форумында Қазақстан Францияға шикі мұнай экспортын арттыруға дайын екенін мәлімдеді , деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан – Франция нарығына шикі мұнай жеткізетін негізгі мемлекеттің бірі. Еліміз экспорт көлемін арттыруға дайын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, мұнай және газ қорын геологиялық барлау, уран экспорты, жел, күн және гидроэнергетика салаларында ірі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол.Тоқаев жаңартылатын энергия көздері – жел, күн және гидроэнергетика бағыттарындағы ірі жобаларды жүзеге асыру үшін халықаралық көптеген ірі компания Қазақстанға келіп жатқанын атап өтті. Жалпы қуаты 1ГВт болатын жел станциясы паркін салу мақсатында француздық Total Energies компаниясының 1,3 миллиард доллар көлемінде инвестиция құюға ниет білдіруі – соның айқын дәлелі."Жасыл" сутегі саласы да зор әлеуетке ие. Жоба табысты жүзеге асырылса, Қазақстан экспорттаушылардың ондығына кіре алады. Біз өмірлік маңызы бар өндіріс, технология және сараптамалық білім алмасу бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттіміз", – деді мемлекет басшысы.Тоқаев жаһандық технологиялық революция дамыған сайын, сирек кездесетін металдарға сұраныс геометриялық прогрессиямен өсетінін атап өтті."Жалпы, 2040 жылға қарай ондай металдарға сұраныс төрт есе, соның ішінде литий элементіне қажеттілік 10 есе артады деген болжам жасалып отыр. Қазақстанда жалпы құны 46 триллион долларға бағаланатын 5 мыңдай барланбаған кен орны бар. Осы ретте аталған саланы бірлесе игеру ісінде еліміз сенімді серіктес бола алады. Бүгінде біз Еуропа Одағының экономикасына қажетті 30 сирек кездесетін металдың 16-сын өндіреміз және Еуропа нарығының фосфорға деген қажеттілігінің 70 пайызын қамтамасыз етеміз", – деді мемлекет басшысы.Оның айтуынша, еліміздің аумағында кен орындарының 9 түрі бар. Тиісті инвестиция табылса, оларды игеруге болады.Қасым-Жомарт Тоқаев аграрлық азық-түлік секторын ынтымақтастықтың тағы бір басым бағыты деп санайды.Президент жаһандық азық-түлік тапшылығы жағдайында еліміз ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2 есе арттыруды көздеп отырғанын жеткізді. Мемлекет басшысы мал шаруашылығы және егін шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.Сонымен қатар жиында Франция президенті Эмманюэль Макрон сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мақсатын жоғары бағалады. Сондай-ақ Қазақстанның бұл бағыттағы бастамаларын қолдауға дайын екенін жеткізді.Эмманюэль Макрон Францияның аталған көлік магистралін өркендетуге өз үлесін қосуға дайын екенін айтты. Франция басшысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың перспективасы зор екенін атап өтті.
франция
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/01/39820330_108:0:2839:2048_1920x0_80_0_0_949e61c2fa5772a8fa1669635f3925dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
франция
Қазақстан Францияға шикі мұнай экспортын арттыруға дайын – Тоқаев
19:38 01.11.2023 (жаңартылды: 19:40 01.11.2023) Тоқаев жаңартылатын энергия көздері саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыру үшін халықаралық көптеген ірі компания Қазақстанға келіп жатқанын атап өтті
АСТАНА, 1 қараша - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-француз бизнес форумында Қазақстан Францияға шикі мұнай экспортын арттыруға дайын екенін мәлімдеді , деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан – Франция нарығына шикі мұнай жеткізетін негізгі мемлекеттің бірі. Еліміз экспорт көлемін арттыруға дайын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, мұнай және газ қорын геологиялық барлау, уран экспорты, жел, күн және гидроэнергетика салаларында ірі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол.
"Қазақстан уран өндірісі бойынша әлемде бірінші орында және Еуропа тұтынатын ядролық отынның төрттен бір бөлігінен астамын қамтамасыз етіп отыр. Атом энергетикасы Францияның энергетика секторында 63 пайызды құрайды. Осыған орай ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге орасан зор әлеуетіміз бар, – деп мәлімдеді Қазақстан президенті.
Тоқаев жаңартылатын энергия көздері – жел, күн және гидроэнергетика бағыттарындағы ірі жобаларды жүзеге асыру үшін халықаралық көптеген ірі компания Қазақстанға келіп жатқанын атап өтті. Жалпы қуаты 1ГВт болатын жел станциясы паркін салу мақсатында француздық Total Energies компаниясының 1,3 миллиард доллар көлемінде инвестиция құюға ниет білдіруі – соның айқын дәлелі.
"Жасыл" сутегі саласы да зор әлеуетке ие. Жоба табысты жүзеге асырылса, Қазақстан экспорттаушылардың ондығына кіре алады. Біз өмірлік маңызы бар өндіріс, технология және сараптамалық білім алмасу бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттіміз", – деді мемлекет басшысы.
Тоқаев жаһандық технологиялық революция дамыған сайын, сирек кездесетін металдарға сұраныс геометриялық прогрессиямен өсетінін атап өтті.
"Жалпы, 2040 жылға қарай ондай металдарға сұраныс төрт есе, соның ішінде литий элементіне қажеттілік 10 есе артады деген болжам жасалып отыр. Қазақстанда жалпы құны 46 триллион долларға бағаланатын 5 мыңдай барланбаған кен орны бар. Осы ретте аталған саланы бірлесе игеру ісінде еліміз сенімді серіктес бола алады. Бүгінде біз Еуропа Одағының экономикасына қажетті 30 сирек кездесетін металдың 16-сын өндіреміз және Еуропа нарығының фосфорға деген қажеттілігінің 70 пайызын қамтамасыз етеміз", – деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, еліміздің аумағында кен орындарының 9 түрі бар. Тиісті инвестиция табылса, оларды игеруге болады.
Қасым-Жомарт Тоқаев аграрлық азық-түлік секторын ынтымақтастықтың тағы бір басым бағыты деп санайды.
Президент жаһандық азық-түлік тапшылығы жағдайында еліміз ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2 есе арттыруды көздеп отырғанын жеткізді. Мемлекет басшысы мал шаруашылығы және егін шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Сонымен қатар жиында Франция президенті Эмманюэль Макрон сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мақсатын жоғары бағалады. Сондай-ақ Қазақстанның бұл бағыттағы бастамаларын қолдауға дайын екенін жеткізді.
Эмманюэль Макрон Францияның аталған көлік магистралін өркендетуге өз үлесін қосуға дайын екенін айтты. Франция басшысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың перспективасы зор екенін атап өтті.