https://sputnik.kz/20231101/premer-ministr-qaza-tapqan-kenshilerdin-otbasynan-keshirim-surady-39827593.html
Премьер-министр қаза тапқан кеншілердің отбасынан кешірім сұрады
Премьер-министр қаза тапқан кеншілердің отбасынан кешірім сұрады
Sputnik Қазақстан
Смайылов үкімет өз жауапкершілігін сезінетінін айтты 01.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-01T18:41+0500
2023-11-01T18:41+0500
2023-11-01T18:43+0500
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_0:40:3073:1768_1920x0_80_0_0_e6de3d81f57b24f36f3f4b9c3916ec0a.jpg
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Костенко атындағы шахтадағы апат үшін кеншілердің отбасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін премьер-министр жаңа инвестор алдағы үш жылда "АрселорМиттал Теміртауға" 3 млрд доллар құюы керек екенін мәлімдеді.Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанға қараған түні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада метан жарылып, салдарынан 46 кенші көз жұмды. Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Премьер-министрдің төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды. 29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.Осы апаттан кейін президент "АрселорМитталмен" инвестициялық ынтымақтасты тоқтатуды тапсырды. Үкімет компанияны Қазақстан пайдасына беру туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілгенін мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20231101/zhana-investor-arselormittalga-3-mlrd-dollar-quyuy-kerek--smayylov-39826648.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_148:0:2879:2048_1920x0_80_0_0_0b98dca8de6ad8e262b2bced4bcb058c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов
Премьер-министр қаза тапқан кеншілердің отбасынан кешірім сұрады
18:41 01.11.2023 (жаңартылды: 18:43 01.11.2023) Смайылов үкімет өз жауапкершілігін сезінетінін айтты
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Костенко атындағы шахтадағы апат үшін кеншілердің отбасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"АрселорМиттал Теміртаудың" қазіргі жағдайы, сол жердегі кеншілердің қайтыс болуы, инвестордың өз міндеттемелерін орындамауы, әрине, біздің де жауапкершілігіміз. Сондықтан біз зардап шеккен, қайтыс болған кеншілердің отбасыларынан кешірім сұраймыз және өзіміздің жауапкершілігімізді сезінеміз", - деді Смайылов мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Бұған дейін премьер-министр жаңа инвестор алдағы үш жылда "АрселорМиттал Теміртауға" 3 млрд доллар құюы керек екенін мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанға қараған түні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада метан жарылып, салдарынан 46 кенші көз жұмды. Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Премьер-министрдің төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды. 29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
Осы апаттан кейін президент "АрселорМитталмен" инвестициялық ынтымақтасты тоқтатуды тапсырды. Үкімет компанияны Қазақстан пайдасына беру туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілгенін мәлімдеді.