https://sputnik.kz/20231101/petropavlda-180-adam-koktaygaqta-qulap-zharaqat-aldy-39828086.html
Петропавлда 180 адам көктайғақта құлап, жарақат алды
Петропавлда 180 адам көктайғақта құлап, жарақат алды
Sputnik Қазақстан
Медициналық көмекке жүгінгендердің басым бөлігі егде жастағы адамдар. Үш науқас ауруханаға жатқызылды 01.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-01T21:17+0500
2023-11-01T21:17+0500
2023-11-01T21:17+0500
петропавл
көктайғақ
https://sputnik.kz/img/115/02/1150226_0:160:3077:1890_1920x0_80_0_0_3f9e9aa3499585b4f2618dd4454c1223.jpg
АЛМАТЫ, 1 қазан – Sputnik. Петропавлда бірнеше күнде көктайғақ салдарынан 180 адам түрлі дене жарақатын алған. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қалада жол апаты да жиіледі, деп хабарлады Almaty.tv.Көктайғақтың салдарынан ауруханаға түскендер күрт көбейді. Соңғы 3 күнде тайып жығылып, қаланың жарақат емдеу пунктіне жүгінгендер саны 180-ге жеткен. Олардың 63-і көшеде құлаған. Сондықтан травматолог мамандар тұрғындарға абай болуды ескертеді.Қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қыс мезгіліне 160-тан астам техника мен 2 200 текше метрге жуық құм-тұз қоспасы дайындалған.Көктайғақтың салдарынан жол-көлік оқиғалары да жиілеген. Облыс орталығында соңғы 2 күнде ұсақ 29 жол-көлік оқиғасы тіркелген.Жалпы биылғы 9 айда СҚО-да 268 жол апаты болған. Салдарынан 34 адам қаза тауып, 386 адам түрлі дене жарақатын алған.
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/115/02/1150226_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_9ca385092e340bb2e56ccb6a4ed2be15.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, көктайғақ
Петропавлда 180 адам көктайғақта құлап, жарақат алды
Медициналық көмекке жүгінгендердің басым бөлігі егде жастағы адамдар. Үш науқас ауруханаға жатқызылды
АЛМАТЫ, 1 қазан – Sputnik. Петропавлда бірнеше күнде көктайғақ салдарынан 180 адам түрлі дене жарақатын алған. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қалада жол апаты да жиіледі, деп хабарлады
Almaty.tv. Көктайғақтың салдарынан ауруханаға түскендер күрт көбейді. Соңғы 3 күнде тайып жығылып, қаланың жарақат емдеу пунктіне жүгінгендер саны 180-ге жеткен. Олардың 63-і көшеде құлаған. Сондықтан травматолог мамандар тұрғындарға абай болуды ескертеді.
"Медициналық көмекке жүгінгендердің басым бөлігі егде жастағы адамдар. Үш науқас ауруханаға жатқызылды. Олар ем алып жатыр. Бірінің жамбас мойны сынған. Қалғандарына алғашқы медициналық көмек көрсетілді", – деді көпбейінді қалалық аурухана пунктінің меңгерушісі Валерий Грибашов.
Қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қыс мезгіліне 160-тан астам техника мен 2 200 текше метрге жуық құм-тұз қоспасы дайындалған.
Көктайғақтың салдарынан жол-көлік оқиғалары да жиілеген. Облыс орталығында соңғы 2 күнде ұсақ 29 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Жалпы биылғы 9 айда СҚО-да 268 жол апаты болған. Салдарынан 34 адам қаза тауып, 386 адам түрлі дене жарақатын алған.