https://sputnik.kz/20231101/ekibastuzda-20-shaqty-uy-zhylusyz-otyr-39800560.html
Екібастұзда 20 шақты көпқабатты үй жылусыз отыр
Екібастұзда 20 шақты көпқабатты үй жылусыз отыр
Sputnik Қазақстан
Әкімдік 20 шақты үйдің жылусыз қалғанын растады 01.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-01T08:41+0500
2023-11-01T08:41+0500
2023-11-01T11:36+0500
екібастұз
жылу
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0c/15182596_0:86:3339:1964_1920x0_80_0_0_fffe38d778c6e26298fcfcfee1c7f28c.jpg
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Екібастұз қаласында жылу маусымы басталғалы бері бір ай өтті. Бірақ 20 шақты үй әлі де жылусыз отыр, деп хабарлайды 24.kz. Қала тұрғыны Борангүл Мұфтақова төрт жыл бұрын жаңа үйден пәтер сатып алған. Бірақ қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Былтыр қаланың жартысы жылусыз қалса, биыл тағы жылыту құралдарын қосуға тура келді.Әкімдік 20 шақты үйдің жылусыз қалғанын растады. Қазіргі кезде үйде тұрғындардың шағымы тіркеліп, әр үй бойынша жеке комиссия құрылған.Қала әкімінің орынбасары Әнуарбек Амановтың айтуынша, қалада жылу мәселесінің 80 пайызы шешілген. Бірақ іске тұрғындармен бірге пәтер иелері кооперативі де атсалысуы керек.Айта кетері, Екібастұзда жылыту маусымына дайындық жаз бойы жүргізілді. Өткен қыстағы коммуналдық апаттан кейін жылу электр орталығыдағы қазандықтар жөндеуден өтті. Қолданыстағы 400 шақырым жылу желісінің 74 шақырымы ауыстырылды. Қазір қаладағы көпқабатты 690 және 5 мың 700 жер үйге жылу толық қосылған.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0c/15182596_304:0:3035:2048_1920x0_80_0_0_7ff088436d2b3b0ff969bb0f27d7defa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, жылу
Екібастұзда 20 шақты көпқабатты үй жылусыз отыр
08:41 01.11.2023 (жаңартылды: 11:36 01.11.2023) Әкімдік 20 шақты үйдің жылусыз қалғанын растады
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Екібастұз қаласында жылу маусымы басталғалы бері бір ай өтті. Бірақ 20 шақты үй әлі де жылусыз отыр, деп хабарлайды
24.kz.
Қала тұрғыны Борангүл Мұфтақова төрт жыл бұрын жаңа үйден пәтер сатып алған. Бірақ қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Былтыр қаланың жартысы жылусыз қалса, биыл тағы жылыту құралдарын қосуға тура келді.
"Қазанның бірінен бастап жылу берілген, бірақ бізде жылу жоқ. Осылай бір бөлмеде отырамыз. Міне, сұп-суық", - дейді ол.
Әкімдік 20 шақты үйдің жылусыз қалғанын растады. Қазіргі кезде үйде тұрғындардың шағымы тіркеліп, әр үй бойынша жеке комиссия құрылған.
Қала әкімінің орынбасары Әнуарбек Амановтың айтуынша, қалада жылу мәселесінің 80 пайызы шешілген. Бірақ іске тұрғындармен бірге пәтер иелері кооперативі де атсалысуы керек.
Айта кетері, Екібастұзда жылыту маусымына дайындық жаз бойы жүргізілді. Өткен қыстағы коммуналдық апаттан кейін жылу электр орталығыдағы қазандықтар жөндеуден өтті. Қолданыстағы 400 шақырым жылу желісінің 74 шақырымы ауыстырылды. Қазір қаладағы көпқабатты 690 және 5 мың 700 жер үйге жылу толық қосылған.