https://sputnik.kz/20231101/2021-zhyldan-bastap-telegram-kanaldardyn-tanymaldylygy-kurt-artty---sarapshy-39857441.html
2021 жылдан бастап телеграм-каналдардың танымалдылығы күрт артты - сарапшы
2021 жылдан бастап телеграм-каналдардың танымалдылығы күрт артты - сарапшы
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 1 қараша - Sputnik. 2021 жылдан бастап телеграм-каналдардың танымалдылығы күрт өсті. Бұл үрдіс алдағы жылдары да жалғасады, деп хабарлады ресейлік... 01.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-01T20:37+0500
2023-11-01T20:37+0500
2023-11-03T10:38+0500
интернет
https://sputnik.kz/img/1106/79/11067953_115:0:3000:1623_1920x0_80_0_0_ab977ccc2082f1da2ad271696e98e68b.jpg
АЛМАТЫ, 1 қараша - Sputnik. 2021 жылдан бастап телеграм-каналдардың танымалдылығы күрт өсті. Бұл үрдіс алдағы жылдары да жалғасады, деп хабарлады ресейлік "Интернетті дамыту институты" ұйымының бас директоры Алексей Гореславский.Гореславский бұл мәлімдемені ТМД елдерінің "Өзгермелі әлемде медианың дамуы" II медиафорумының "Телеграм-каналдар ең жылдам дамып келе жатқан медиа" сессиясында айтты.Сәрсенбіде Мәскеуде бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі жағдайы мен болашағын талдауға арналған медиа-форум ашылды, деп жазады РИА Новости. "Егер 2021 жылы барлық қаралымның шамамен 1%-ы телеграм-каналдарға тиесілі болса, 2022 жылы ол 6% болды. Ал 2025 жылы 25% болады деп болжап отырмыз", - деді Гореславский."Интернетті дамыту институты" коммерциялық емес ұйымы бас директорының айтуынша, телеграм-каналдардың танымал болуына YouTube-тегі сияқты жарнаманың болмауы әсер етті. Телеграмда қаралымды сатып ала алмайсың. "2023 жылы интернетті дамыту институты қолдаған әрбір үшінші жоба телеграмды өз жоспарын іске асыратын алаң ретінде таңдады. Сондай-ақ телеграм қысқаша бейнежаңалықтарды таратуда өзгеден басым түседі", - деді Гореславский."Интернетті дамыту институты" ұйымы бас директорының айтуынша, "ВКонтакте" әлеуметтік желісі де дамып келе жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1106/79/11067953_546:0:2710:1623_1920x0_80_0_0_958e4202af99ef867df65a3764444d85.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
интернет
АЛМАТЫ, 1 қараша - Sputnik. 2021 жылдан бастап телеграм-каналдардың танымалдылығы күрт өсті. Бұл үрдіс алдағы жылдары да жалғасады, деп хабарлады ресейлік "Интернетті дамыту институты" ұйымының бас директоры Алексей Гореславский.
Гореславский бұл мәлімдемені ТМД елдерінің "Өзгермелі әлемде медианың дамуы" II медиафорумының "Телеграм-каналдар ең жылдам дамып келе жатқан медиа" сессиясында айтты.
Сәрсенбіде Мәскеуде бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі жағдайы мен болашағын талдауға арналған медиа-форум ашылды, деп жазады
РИА Новости. "Егер 2021 жылы барлық қаралымның шамамен 1%-ы телеграм-каналдарға тиесілі болса, 2022 жылы ол 6% болды. Ал 2025 жылы 25% болады деп болжап отырмыз", - деді Гореславский.
"Интернетті дамыту институты" коммерциялық емес ұйымы бас директорының айтуынша, телеграм-каналдардың танымал болуына YouTube-тегі сияқты жарнаманың болмауы әсер етті. Телеграмда қаралымды сатып ала алмайсың.
"2023 жылы интернетті дамыту институты қолдаған әрбір үшінші жоба телеграмды өз жоспарын іске асыратын алаң ретінде таңдады. Сондай-ақ телеграм қысқаша бейнежаңалықтарды таратуда өзгеден басым түседі", - деді Гореславский.
"Интернетті дамыту институты" ұйымы бас директорының айтуынша, "ВКонтакте" әлеуметтік желісі де дамып келе жатыр.