https://sputnik.kz/20231031/ukimet-kurs-arqyly-oqushylar-men-studentterdin-qarzhylyq-sauatyn-ashudy-zhosparlap-otyr-39778378.html
Үкімет курс арқылы оқушылар мен студенттердің қаржылық сауатын ашуды жоспарлап отыр
Үкімет курс арқылы оқушылар мен студенттердің қаржылық сауатын ашуды жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
Оқушылар үшін оқу құралдары дайындалады 31.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-31T10:24+0500
2023-10-31T10:24+0500
2023-10-31T10:24+0500
қаржылық сауаттылық
курс
https://sputnik.kz/img/194/90/1949054_0:0:3076:1731_1920x0_80_0_0_3d144511876bbf6490c04c39d6bf416d.jpg
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Оқушылар мен студенттер үшін қаржылық сауаттылық курстары енгізіледі. Бұл туралы вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, оқушылар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру маңызды."Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының студенттері үшін қаржылық сауаттылық курстарын енгізу пысықталуда. Оқушылар үшін арнайы курс әзірленіп жатыр. Ол үшін тиісті әдістемелер мен оқу құралдары дайындалатын болады. Нәтижесінде осы бағыт аясында 750 мың оқушы мен студентті оқыту жоспарлануда", - деді Жамаубаев үкімет отырысында.Бұған қоса ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер "Ауыл Аманаты" бағдарламасы аясында несие алу үшін тұрақты негізде кеңес береді.Сондай-ақ еліміздің барлық өңірінде халықпен тікелей жұмыс істейтін өңірлік жобалық кеңселер құрылып жатыр.Жобалық офистердің негізгі міндеті – кредит бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу, қаржылық алаяқтықтан қорғау, азаматтардың банкроттық мәселесін шешуге, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және бизнесті қолдау шараларын ұйымдастыру.Вице-премьер әкімдіктер жобалық офистердің жұмысы үшін қажетті ғимараттар мен материалдық-техникалық базаларды бөлетінін атап өтті. Оған банктер қаржылық жағынан ықпалдасады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/194/90/1949054_105:0:2836:2048_1920x0_80_0_0_a646487e2987a718c452457eab14b545.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржылық сауаттылық, курс
қаржылық сауаттылық, курс
Үкімет курс арқылы оқушылар мен студенттердің қаржылық сауатын ашуды жоспарлап отыр
Оқушылар үшін оқу құралдары дайындалады
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Оқушылар мен студенттер үшін қаржылық сауаттылық курстары енгізіледі. Бұл туралы вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, оқушылар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру маңызды.
"Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының студенттері үшін қаржылық сауаттылық курстарын енгізу пысықталуда. Оқушылар үшін арнайы курс әзірленіп жатыр. Ол үшін тиісті әдістемелер мен оқу құралдары дайындалатын болады. Нәтижесінде осы бағыт аясында 750 мың оқушы мен студентті оқыту жоспарлануда", - деді Жамаубаев үкімет отырысында.
Бұған қоса ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер "Ауыл Аманаты" бағдарламасы аясында несие алу үшін тұрақты негізде кеңес береді.
Сондай-ақ еліміздің барлық өңірінде халықпен тікелей жұмыс істейтін өңірлік жобалық кеңселер құрылып жатыр.
Жобалық офистердің негізгі міндеті – кредит бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу, қаржылық алаяқтықтан қорғау, азаматтардың банкроттық мәселесін шешуге, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және бизнесті қолдау шараларын ұйымдастыру.
Вице-премьер әкімдіктер жобалық офистердің жұмысы үшін қажетті ғимараттар мен материалдық-техникалық базаларды бөлетінін атап өтті. Оған банктер қаржылық жағынан ықпалдасады.