Шахтадағы апат: қаза тапқан 46-шы кеншінің дене бөлшектері табылған

Угольная шахта - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2023
Жазылу
Қазір апаттан көз жұмған 40 адамның кім екені анықталған, алтауы әзірге белгісіз
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қарайтын Костенко атындағы шахтадағы апат туралы мәлімет берді.
Министрдің айтуынша, 28 қазанда түнгі сағат 02:36-да Костенко атындағы шахтада тереңдігі 700 метрде өрт болып, кейіннен метан-ауа қоспасы жарылған.
"Авария кезінде ауысымда 252 кенші болды, оның 201-і өздігінен көтеріліп, 5-еуі тау-кен құтқару күштерімен табылып, жер бетіне шығарылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 45 кеншінің денесі және алдын ала болжам бойынша қаза тапқан 46-шы кеншінің денесінің бөлшектері табылды", - деді Шәріпханов үкімет отырысында.
Қазір қайтыс болған 40 адамның кім екені анықталған, 6-ауы әлі анықталмады. Оларды сәйкестендіру үшін қажетті тиісті сараптамалар жүргізіледі. ДНК талдауы қажет болуы мүмкін.
"Іздеу жұмыстары электр энергиясының болмауынан, тау-кен қазбаларының ұзындығынан, көптеген бұзылған механизмнің болуынан қиындық туғызды. Жеке су басқан тау-кен қазбаларына жету мүмкін болмады. Үйінділерді тазалау және қаза болғандардың денелерін табу қиын болды", - деді министр.
Айтуынша, қазір шахтада ашық жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты. Шахтаның қызметін қалпына келтіру үшін тау-кен қазбаларын зерттеу және жекелеген учаскелерде су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Шахта - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2023
Қоғам
Қарағандыдағы апат: шахтадан 28 кеншінің денесі табылды
Жаңалықтар
0