https://sputnik.kz/20231031/qyzylshaga-qarsy-qosymsha-egu-zhumystary-zhurgiziledi--esmagambetova-39791198.html
Қызылшаға қарсы қосымша егу жұмыстары жүргізіледі – Есмағамбетова
Қызылшаға қарсы қосымша егу жұмыстары жүргізіледі – Есмағамбетова
Sputnik Қазақстан
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша қызылшамен ауыратындардың 65%-і бес жасқа дейінгі балалар 31.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-31T21:51+0500
2023-10-31T21:51+0500
2023-10-31T21:51+0500
қызылша
https://sputnik.kz/img/07e6/01/04/19044826_0:0:963:541_1920x0_80_0_0_bf1559746ca6d509cf7f8bbdb4086439.jpg
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. Балаларды қызылшаға қарсы қосымша иммундау туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.Ол бүгінгі күні қызылшамен ауыратындардың 65%-і бес жасқа дейінгі балалар екенін айтты. Жыл басынан бері барлығы 11 мың жағдай тіркелген.Айжан Есмағамбетова қызылша әсіресе осы жаста ауыр өтетінін және асқынып қана қоймай, өлімге де әкелуі мүмкін екенін атап өтті.Сондықтан қосымша вакцинация жүргізу туралы шешім қабылданған.6-11 айлық балалар келесі аптадан бастап иммундауды бастайды.2 жастан бес жасқа дейінгі балалар желтоқсан айының басынан бастап қосымша вакцинациядан өтеді.Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада дәрігерлер қызылша ауруының 30%-ке өскенін хабарлады. Олардың 80%-тен астамы 14 жасқа дейінгі, негізінен вакцина алмаған балалар.Мысалы, Ақтөбеде қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы толып кеткендіктен науқастарды қала сыртындағы санаторийге жіберуге тура келген.Дәрігерлер қызылша асқынған жағдайда соқырлық, энцефалит, ауыр диарея, онымен байланысты дегидратация, құлақ инфекциясы және тыныс алудың ауыр проблемаларына және пневмонияға соғуы мүмкін екенін ескертті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/04/19044826_36:0:757:541_1920x0_80_0_0_bd1c87427930713683ea9a9a38d38834.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылша
Қызылшаға қарсы қосымша егу жұмыстары жүргізіледі – Есмағамбетова
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша қызылшамен ауыратындардың 65%-і бес жасқа дейінгі балалар
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. Балаларды қызылшаға қарсы қосымша иммундау туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.
Ол бүгінгі күні қызылшамен ауыратындардың 65%-і бес жасқа дейінгі балалар екенін айтты. Жыл басынан бері барлығы 11 мың жағдай тіркелген.
"Жалпы алғанда, бұл "ковид" жылдары туған балалар. Бұл тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің проблемасы – осы кезеңде вакцинация мәселесінде олқылықтар болды", - деді вице-министр.
Айжан Есмағамбетова қызылша әсіресе осы жаста ауыр өтетінін және асқынып қана қоймай, өлімге де әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
Сондықтан қосымша вакцинация жүргізу туралы шешім қабылданған.
6-11 айлық балалар келесі аптадан бастап иммундауды бастайды.
2 жастан бес жасқа дейінгі балалар желтоқсан айының басынан бастап қосымша вакцинациядан өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада дәрігерлер қызылша ауруының 30%-ке өскенін хабарлады. Олардың 80%-тен астамы 14 жасқа дейінгі, негізінен вакцина алмаған балалар.
Мысалы, Ақтөбеде қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы толып кеткендіктен науқастарды қала сыртындағы санаторийге жіберуге тура келген.
Дәрігерлер қызылша асқынған жағдайда соқырлық, энцефалит, ауыр диарея, онымен байланысты дегидратация, құлақ инфекциясы және тыныс алудың ауыр проблемаларына және пневмонияға соғуы мүмкін екенін ескертті.