https://sputnik.kz/20231031/qazaqstanda-enbek-shartyn-onlayn-rezhimde-rasimdeuge-bolady-39776745.html
Қазақстанда еңбек шартын онлайн режимде рәсімдеуге болады
Қазақстанда еңбек шартын онлайн режимде рәсімдеуге болады
Sputnik Қазақстан
Жаңа қызмет HR.Enbek.kz порталында қолжетімді 31.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-31T11:29+0500
2023-10-31T11:29+0500
2023-10-31T11:29+0500
еңбек шарты
онлайн режим
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
қоғам
https://sputnik.kz/img/07e4/09/09/14916361_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_3080773862915b7f49e06934f7a7777c.jpg
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда еңбек шарттарын онлайн режиде рәсімдеу қызметі іске қосылды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.Жаңа қызмет HR.Enbek.kz порталында қолжетімді. Жұмысқа тұратын адамдар еңбек шартына портал және Enbek HR мобильді қосымшасы арқылы қол қоя алады.Бұрын еңбек шарттары қағаз нұсқасында жасалған. Ал барлық ақпаратты кадр қызметтері еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізген. Енді жұмыс берушілер порталдың "Еңбек шарттары" бөлімінде құжаттың жобасын жасап қана қоймай, шарттың жеке файлын да жүктей алады. Сосын оны жұмыскердің жеке кабинетіне қол қоюға жіберуге болады.Айта кетері, Enbek HR мобильді қосымшасын AppStore мен PlayMarket-тен жүктеп алуға мүмкіндік бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/09/14916361_0:0:1778:1333_1920x0_80_0_0_9dc50e5907b0a44c40345e7839b5e165.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еңбек шарты, онлайн режим, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
еңбек шарты, онлайн режим, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстанда еңбек шартын онлайн режимде рәсімдеуге болады
Жаңа қызмет HR.Enbek.kz порталында қолжетімді
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда еңбек шарттарын онлайн режиде рәсімдеу қызметі іске қосылды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңа қызмет
HR.Enbek.kz порталында қолжетімді. Жұмысқа тұратын адамдар еңбек шартына портал және Enbek HR мобильді қосымшасы арқылы қол қоя алады.
"Тараптар шарт талаптарымен келіскен жағдайда оған ЭЦҚ немесе QR-қолтаңба көмегімен eGov мобильдік қосымшасы арқылы қол қоюға болады. Осыдан кейін электрондық еңбек шарты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне автоматты түрде тіркеледі және жұмыс берушіге де, жұмыскерге де қарау және жүктеу үшін қолжетімді болады. Қажет болған жағдайда оның түпнұсқалығы құжатқа көрсетілген QR-кодпен расталады", – дейді вице-министр Ербол Оспанов.
Бұрын еңбек шарттары қағаз нұсқасында жасалған. Ал барлық ақпаратты кадр қызметтері еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізген. Енді жұмыс берушілер порталдың "Еңбек шарттары" бөлімінде құжаттың жобасын жасап қана қоймай, шарттың жеке файлын да жүктей алады. Сосын оны жұмыскердің жеке кабинетіне қол қоюға жіберуге болады.
Айта кетері, Enbek HR мобильді қосымшасын AppStore мен PlayMarket-тен жүктеп алуға мүмкіндік бар.