https://sputnik.kz/20231031/ozenmunaygaz-kasipodagynyn-toragasyna-iri-kolemde-ayyppul-salyndy-39794473.html
"Өзенмұнайгаз" кәсіподағының төрағасына ірі көлемде айыппұл салынды
"Өзенмұнайгаз" кәсіподағының төрағасына ірі көлемде айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
Ол компания жүргізушісінен 1,5 миллион теңге сомасында пара алды деп айыпталды 31.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-31T19:03+0500
2023-10-31T19:03+0500
2023-10-31T19:03+0500
пара
жүргізуші
https://sputnik.kz/img/02/86/028670_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_71e9f0e4354501682ab6a0b1957fd095.jpg
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. "Өзенмұнайгаз" АҚ №2 ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасының кәсіподақ төрағасына 30 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Шамурайт Шаменов мәлімдеді, деп жазды Lada.kz."Өзенмұнайгаз" АҚ №2ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы кәсіподағының төрағасы акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына жұмыстан шығармағаны үшін және кейіннен слесарь лауазымына ауыстырғаны үшін ақша беремін деген сылтаумен басқарма жүргізушісінен 1,5 миллион теңге сомасында пара алды деп айыпталды.Сондай-ақ кәсіподақ төрағасы мемлекеттік және сот қызметтерінде, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/02/86/028670_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_521c6fc2bde5245e636c99e8331a9130.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пара, жүргізуші
"Өзенмұнайгаз" кәсіподағының төрағасына ірі көлемде айыппұл салынды
Ол компания жүргізушісінен 1,5 миллион теңге сомасында пара алды деп айыпталды
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. "Өзенмұнайгаз" АҚ №2 ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасының кәсіподақ төрағасына 30 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Шамурайт Шаменов мәлімдеді, деп жазды
Lada.kz. "Өзенмұнайгаз" АҚ №2ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы кәсіподағының төрағасы акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына жұмыстан шығармағаны үшін және кейіннен слесарь лауазымына ауыстырғаны үшін ақша беремін деген сылтаумен басқарма жүргізушісінен 1,5 миллион теңге сомасында пара алды деп айыпталды.
"Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен кәсіподақ төрағасы Қ.Мамаевқа 30 миллион теңге көлемінде айыппұл салу түрінде жаза тағайындалды", - деп хабарлады Шамурайт Шаменов.
Сондай-ақ кәсіподақ төрағасы мемлекеттік және сот қызметтерінде, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енді.