Израиль премьер-министрі соғыстың үшінші кезеңі басталғанын мәлімдеді

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуПремьер-министр Израиля Биньямин Нетаньяху
Премьер-министр Израиля Биньямин Нетаньяху - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2023
Жазылу
Газа секторына су, азық-түлік, электр энергия, дәрі-дәрмек пен отын жеткізу тоқтатылды
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху үкіметтің кезекті отырысында ХАМАС қозғалысына қарсы соғыстың үшінші кезеңінің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Риа Новости.
Оның айтуынша, Израиль соғыстың бел ортасында жүр. Бірақ мақсаты айқын. Ол – ХАМАС-тың басқару және әскери әлеуетін жою.
"Бірінші бұғаттау кезеңі аяқталды. Екінші кезең – әуеден соққы жасау. Оны үздіксіз жүргіземіз. Үшінші кезең – Израиль армиясы Газа секторына жермен басып кірушабуылын кеңейтті. Оны жүйелі түрде кезең-кезеңімен прогресске жетіп, өте мықты қадамдармен жасап жатыр", - деді Нетаньяху.
Айта кетері, 7 қазанда ХАМАС Израильге зымырандармен шабуыл жасады. Ал сарбазбар оңтүстік аудандарға баса көктеп кірді, әскерилерге және бейбіт адамдарға оқ атты. Жүздеген адамды кепілге алды. Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес, 1,4 мыңнан астам адам қаза тапты. Олардың ішінде 300-ден астам әскери қызметші бар. 5 мың адам жарақат алды.
Израиль Газа секторын да зымыранмен атқылап тастады. Одан кейін шекараға жақын аудандарды бақылауға алды. Газа секторына су, азық-түлік, электр энергия, дәрі-дәрмек пен отын жеткізу тоқтатылды.
Официальный визит президента РФ Путина в Киргизию - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2023
"Ақтауға келмейтін әрекет": Путин Газа секторындағы жағдайға қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар
0