https://sputnik.kz/20231031/elektrondy-enbek-shartyn-zhasau-protsesi-zhenildetildi-39791521.html
Электронды еңбек шартын жасау процесі жеңілдетілді
Электронды еңбек шартын жасау процесі жеңілдетілді
Sputnik Қазақстан
Келісімшартқа электронды қолтаңба немесе мобильді қосымша арқылы QR қолтаңбасы арқылы қол қоюға болады 31.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-31T16:45+0500
2023-10-31T16:45+0500
2023-10-31T17:19+0500
еңбек шарты
электрондық үкімет
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16374061_38:0:1962:1082_1920x0_80_0_0_c9c61ea27951c14388f6494b0f2ab702.jpg
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. HR.Enbek.kz еңбек ресурстары порталында электронды еңбек шарттарын жасайтын функционал іске қосылды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Портал 2023 жылғы қазанда қосылды. Қызметкерлер құжатқа портал және Enbek HR мобильді қосымшасы арқылы қол қоя алады.Жаңа функция Enbek HR мобильді қосымшасында қолжетімді. Қосымшаны AppStore мен PlayMarket-тен жүктеп алуға болады."Тараптар шарт талаптарымен келіскен жағдайда, оған ЭЦҚ немесе QR-қолтаңба көмегімен eGov мобильді қосымшасы арқылы қол қоюға болады. Осыдан кейін электронды еңбек шарты Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне автоматты түрде тіркеледі және жұмыс берушіге де, жұмыскерге де қарау және жүктеу үшін қолжетімді болады", – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.Қажет болған жағдайда оның түпнұсқалығы құжатқа көрсетілген QR-кодпен расталады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16374061_278:0:1721:1082_1920x0_80_0_0_37cd5809eaf8c6a5c664a41d8ed3552a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еңбек шарты, электрондық үкімет
еңбек шарты, электрондық үкімет
Электронды еңбек шартын жасау процесі жеңілдетілді
16:45 31.10.2023 (жаңартылды: 17:19 31.10.2023) Келісімшартқа электронды қолтаңба немесе мобильді қосымша арқылы QR қолтаңбасы арқылы қол қоюға болады
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. HR.Enbek.kz еңбек ресурстары порталында электронды еңбек шарттарын жасайтын функционал іске қосылды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Портал 2023 жылғы қазанда қосылды. Қызметкерлер құжатқа портал және Enbek HR мобильді қосымшасы арқылы қол қоя алады.
"Бұрын еңбек шарттары қағазда жасалып, олар туралы ақпаратты кадр қызметтері еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізген. Енді жұмыс берушілерге қажетті мәліметтерді толтыру үшін ыңғайлы конструкторды пайдалана отырып, порталда, оның ішінде "Еңбек шарттары" бөлімінде құжаттың жобасын жасауға болады. Сондай-ақ шарттың жеке файлын жүктеп, жұмыскердің жеке кабинетіне қол қоюға жібере алады", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
Жаңа функция Enbek HR мобильді қосымшасында қолжетімді. Қосымшаны AppStore мен PlayMarket-тен жүктеп алуға болады.
"Тараптар шарт талаптарымен келіскен жағдайда, оған ЭЦҚ немесе QR-қолтаңба көмегімен eGov мобильді қосымшасы арқылы қол қоюға болады. Осыдан кейін электронды еңбек шарты Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне автоматты түрде тіркеледі және жұмыс берушіге де, жұмыскерге де қарау және жүктеу үшін қолжетімді болады", – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.
Қажет болған жағдайда оның түпнұсқалығы құжатқа көрсетілген QR-кодпен расталады.