Астанада құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешені биыл пайдалануға беріледі

© Sputnik / Владислав Воднев" Территория комфорта" ТК сүрілді
 Территория комфорта ТК сүрілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2023
Жазылу
"Триумф Сити" мен "Future home" тұрғын үй кешендерінің құрылысы 10 жыл бұрын басталған
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек үлескерлермен кездесуінде биыл әкімдік құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қала басшысы құрылысы ұзаққа созылған бірқатар нысанның құрылыс барысымен танысты. Олар – "Территория комфорта-1" 2-кезек, "Триумф Сити", "Future home" тұрғын үй кешендері. Үлескерлердің жалпы саны – 800-ге жуық отбасы.

"Территория комфорта" тұрғын үй кешенінің құрылысы осыдан 20 жылдай уақыт бұрын басталған. Техникалық тексеру кезінде ғимараттың апатты жағдайда екені анықталды. Тиісінше апатты күйдегі тұрғын үй кешенінің барлық блогын бұзу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді", - деп жазды Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, 2021 жылы "Территория комфорта" ТК бірінші кезегінің құрылысы аяқталып, 100-ден астам үлескер отбасы пәтер кілтін алған. Қалған блоктар бойынша жұмыс жүріп жатыр.
"Триумф Сити" мен "Future home" тұрғын үй кешендерінің құрылысы 10 жыл бұрын басталған. Мысалы, "Future home" тұрғын үй кешенін өткізу кезінде 4 және 7 қабаты ғана салынған.
"Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Олардың бір бөлігін қазірдің өзінде аяқтадық", – деп түйіндеді Жеңіс Қасымбек.
Жаңалықтар
0