Астанада полицейлер күшейтілген режимге көшті: қалаға блок бекеттер қойылды
08:05 31.10.2023 (жаңартылды: 09:35 31.10.2023)
© Photo : Департамент полиции АстаныПо периметру столицы установлено 7 блокпостов
© Photo : Департамент полиции Астаны
Жазылу
7 блок бекет қойылды
АСТАНА, 31 қазан - Sputnik. Елордалық полицейлер күшейтілген режимге көшті, қаланың периметрі бойынша 7 блок бекет қойылды.
"Бүгіннен, яғни 31 қазан сағат 08.00-ден бастап қаланың периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалаларының, сонымен қатар Қорғалжын, Астарханка кенттерінен, халықаралық әуежайдан қалаға келетін жолдарға 7 блокпосттар қойылды. Бұл шара азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ автокөліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеруге бағытталады", - делінген Астана қалалық полиция хабарламасында.
© Photo : Департамент полиции АстаныПо периметру столицы установлено 7 блокпостов
© Photo : Департамент полиции Астаны
Бұл шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін ірі қоғамдық-саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты қабылданып отыр.
Айта кетейік, 1 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Ал 2 қарашада Астана қаласына Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан ресми сапар жасайды.
3 қарашада елордада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық Х саммиті өтеді.
Жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан президенттері, сондай-ақ ТМҰ-ға бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстан басшылары қатысады.