АҚШ тығырыққа тірелді – БАҚ

© AFP 2024 / Andrew Caballero-ReynoldsНациональные флаги США и флаги округа Колумбия возле Капитолия США в Вашингтоне
Национальные флаги США и флаги округа Колумбия возле Капитолия США в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2023
Жазылу
Неліктен Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қытайдағы Сяньшань қауіпсіздік форумының құрметті қонағы болды? Бұл жолғы форумға әлемнің 90 елінің әскери құрылымдардың өкілдері қатысуында не мән жатыр? Бұл туралы РИА Новости жазды.
Өйткені әлем жағдайдың қай бағытқа қарай өрбуі шешілетін кезеңді бастан өткеруде: тараптардың одан әрі бақылаусыз қарсыласуы немесе "бәсеңдету". Бұл форумның иесі Қытай қазір АҚШ-пен байланысты дәл сол "бәсеңдетуге" бастап келеді. Стратегиялық тақырыптар бойынша ең құнды ақпарат және ең маңызды спикерлер Бейжіңде сөйледі.
Өткен демалыс күндері Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И АҚШ-қаа барып, Джо Байденмен ғана емес, осы елдің әкімшілігінде маңызды рөл атқаратындардың барлығымен сөйлесті. Ол жоғары деңгейдегі сарапшылардың кем дегенде екі жиналысында сөз сөйлеп, сұхбат берді. Дегенмен екі елдің болашақтағы қарым-қатынасы үшін қол жеткен жетістіктер әлі де жеткіліксіз. Бейжің үшін тиімді ұстанымдарды іздестіріп жатқанына бір жылдан асса да, осы уақыт ішінде АҚШ әкімшілігінің барлық жоғары шендері Бейжіңге барып қайтса да, ортақ мәмілеге келе алмай отыр.
"Әзірге АҚШ мынандай нақты шешім қабылдағаны анық: ол стратегиялық бәсекелесімен Дональд Трамп тұсында басталған текетіресті бұдан былай бұрынғы деңгейде жалғастыра алмайды. Екі ядролық державамен екі соғыс – Украинада және Тайвань төңірегінде жүргізу мүмкін емес. Үшеуі (Таяу Шығыстағы жағдайдың өршуін ескерсек, жағдай тіпті нашар. Бірақ нақты не істеу керек екені белгісіз", - деп жазды мақала авторы.
Мұнда Бейжің ұсынып отырған формула өте қарапайым. Өзара сыйластық, бейбіт өмір сүру, өзара тиімді ынтымақтастық. Бірақ бұл АҚШ үшін Қытайға қарсы шексіз санкцияларға, осы елдің айналасындағы теңіздердегі тұрақты әскери белсенділіктерге, қытайларға қатысты өз әрекеті мен көзқарасын өзгерту дегенді білдіреді.
Ван Идің АҚШ-қа сапарынан кейін келесі айда Калифорниядағы Азия – Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитінде Си Цзиньпин мен Джо Байденнің жеке кездесуіне қол жеткізу туралы шешім қабылданды. Осыған ұқсас кездесу бір жыл бұрын Индонезияда өткен, содан кейін АҚШ бұрынғы ұстанымдарына қайта орала бастады. Ал қазір тіпті сайлау қарсаңындағы жағдайды болжап білу мүмкін емес және бір жарым жылдан кейін Вашингтонда кімнің билікке келетінінің белгісіздігі тағы бар.
Қазіргі Қытай мен АҚШ арасындағы жағдайға өте ұқсас жағдай 1970 жылдардың басында болып, ол 1972 жылдың 30 мамырында Брежнев пен Никсонның әйгілі Мәскеу декларациясына әкелді. Ол құжатта ядролық ғасырда бейбіт өмір сүрудің баламалары жоқ, екі елдің қауіпсіздік мүдделері теңдік принциптеріне негізделген деген секілді мәселелерді қамтыды. Содан кейін толығымен "бәсеңдету" деп аталатын процесс басталды. Достық емес, тек қарама-қайшылықтың қарқындылығын бірлесіп "бәсеңдету" арқылы қолайлы деңгейге қол жеткізу. Яғни ол екі елдің "біз бәсекелесеміз, бірақ бейбіт түрде" деген ұстанымын қамтиды.
Мұндай келісімнің үлгісі бар болса, 2 "бәсеңдету" неге сонша қиын жүріп жатыр? Мұның негізгі бірнеше себебі бар. Брежнев тұсындағы КСРО ядролық арсеналдар бойынша АҚШ-пен тең болды, бірақ халықаралық саудада Американы басып озған жоқ және ЖІӨ бойынша оған тең болмады. Қазіргі Қытайға қарағанда КСРО-ның одақтастары мен серіктестері аз болды. Рубль әлемдік қаржыда доллармен бәсекеге түспеді. АҚШ пен КСРО экономикасы бір-бірімен тығыз байланыста болмады. Соңғы деректер бойынша Қытай мен АҚШ арасында аптасына 35 рет қатынайтын тұрақты әуе бағдары бар.
Дегенмен, мұндай декларацияға қол жетсе де, 70-ші жылдар ынтымақтастық пен құрметке негізделген сипатта өткенімен, АҚШ қайта күшіне еніп, әлемді бірполярлылық пен үстемдік негізінде дамытуға қайта кіріскенін де ұмытпау керек.
Жаңалықтар
0