https://sputnik.kz/20231031/aqsh-izrail-ushin-qiyndyqqa-tap-bola-ma-39863833.html
АҚШ Израиль үшін қиындыққа тап бола ма
АҚШ Израиль үшін қиындыққа тап бола ма
Sputnik Қазақстан
Америка Құрама Штаттары араб әлемімен ұзақ қақтығыс жүргізеді. Жаһандық геосаясат тұрғысынан Израиль армиясы Мысыр, Сирия, Сауд Арабиясы, Ливан, Ирак, Йемен... 31.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-31T22:29+0500
2023-10-31T22:29+0500
2023-11-07T12:29+0500
ақш
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/12/39457966_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_d7ab40a55c92048d97ff143b9c3b1e24.jpg
Америка Құрама Штаттары араб әлемімен ұзақ қақтығыс жүргізеді. Жаһандық геосаясат тұрғысынан Израиль армиясы Мысыр, Сирия, Сауд Арабиясы, Ливан, Ирак, Йемен және аймақтағы басқа мемлекеттердің еркі мен ұлттық мүдделеріне қайшы болса да, бастапқыда Таяу Шығыста Америка мүдделерді қорғау үшін құрылған. Міне, Израиль мемлекеті жарияланған күннен бастап бұл аймақ ондаған жылдар бойы тұрақсыздық пен қақтығыстардан көз ашпай келеді, деп жазады ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 31қазан күні "Исламдық қарсыласу қозғалысына" (ХАМАС) қарсы соғыстың үшінші кезеңі басталғанын және Газа секторына құрлықтағы шабуылдың кеңеюін жариялады. Бірінші – бұғаттау кезеңі аяқталды деп саналады. Екіншісі – жаппай әуе соққылары – жалғасуда.Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Газа секторындағы әскери операциясын кеңейтуде, құрлық күштері Газа қаласының төңірегінде екі бағытта ілгерілеуде, танктер Салах ад-Дин тас жолы бойындағы көлік қатынасын атыс күшімен тойтарып тұр. ЦАХАЛ Газаның негізгі қаласын қоршауға алып, ХАМАС жауынгерлік жасақтарын қаладағы кең туннельдер желісімен бірге жоюды көздеп отыр.Соңғы тәулікте Израиль ұшақтары 600-ге жуық нысанаға, соның ішінде Ливан мен Сирия аумағына шабуыл жасады. Израиль басып алған Иордан өзенінің батыс жағалауы да Израиль тарапынан әуе шабуылдарына ұшырады. Екінші жағынан ХАМАС Газаның солтүстік-батысында Израиль әскерімен соғысып жатқанын жариялады. Израиль территориясына зымыранмен шабуылдар жалғасып жатыр. Ливанның әскерилендірілген саяси партиясы Хезболла Израильдің Нагария қаласына 16 зымыранмен шабуыл жасағанын хабарлады.Газа секторында үш аптаға созылған қақтығыс кезінде 8 мыңнан астам адам қаза тапты, оның жартысы балалар. Израильде 1400-ден астам адам қайтыс болды. 200-ге жуық израильдікті палестиналық ХАМАС қозғалысы тұтқынға алған. Аймақтағы гуманитарлық апаттың ауқымын бағалау мүмкін емес. Газада қамауда қалған екі миллион бейбіт тұрғын дәрі-дәрмекке, суға және азық-түлікке зәру."Вашингтон "аймақтық шиеленіске жол бермеуге" және сонымен бірге Украинадағы әскери операциядан бос қалуға жақын Пентагон арсеналдарымен Израиль армиясының әскери әлеуетін арттыруға тырысып жатыр", - деп жазды Хроленко.Бейбітшілік тез орнайды деген үміт жоқ. Палестина – Израиль қарулы қақтығыстарының жаңа кезеңі Палестинаны екі тәуелсіз мемлекетке – араб және еврей мемлекетіне бөлу туралы БҰҰ-ның ескі 181 резолюциясының (1947 жылдың 29 қарашасындағы) орындалмауымен байланысты болып отыр.Палестиналық қарсыласу топтарына қарсы ондаған жылдар бойы жүргізілген тынымсыз барлау жұмыстарының, жасырын және жоғары технологиялық операциялардың арқасында Израильдің қауіпсіздік күштері жеңілмейтін сипатқа ие болды. Премьер-министр Нетаньяху өзінің отандастары мен Вашингтонды Палестина мемлекетін құру жөніндегі бейбіт келіссөздің мүлдем қажет еместігіне сендірді.Бірақ шынайы жағдай мүлде басқаша өрбіді. 7 қазан күні таңертең Израильге Газа секторынан бұрын-соңды болмаған зымыранмен шабуыл жасалды. Содан кейін Хамас жауынгерлері еврей мемлекетінің оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарға басып кіріп, бірнеше сағаттың ішінде бірнеше әскери нысанды басып алып, жүздеген адамды тұтқынға алып, 1000-нан астам израильдікті өлтірді. Сондықтан Израильдің жоғары технологиялық қауіпсіздігі туралы аңыздың күлі көкке ұшты.Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Израильдің әскери барлау және ішкі қауіпсіздік қызметінің басшылары сәтсіздіктерін мойындады. Соғыс біткен соң олар отставкаға кетіп, жұмыстан босатылады деген болжам бар.Израиль қорғаныс армиясы "Темір қылыштар" операциясын кешігіп бастады, ал қорғаныс министрі Йоав Галант "Біз жеңеміз, өйткені басқа жол жоқ. Не біз, не ХАМАС" деп мәлімдеді. Премьер-министр Нетаньяху "Газадағы соғыс ұзаққа созылады" деп ескертті. Вашингтон Израильдің басқа мемлекеттің аумағын әскери оккупациялауды ынталандыруды қолдаған Таяу Шығыстағы өз саясатының стратегиялық сәтсіздігін мойындай бастады. Джо Байден "бұл дағдарыс біткеннен кейін әрі қарай не істеу керектігі туралы ой-жоспар болуы керек" дегенімен, анығында АҚШ әрі қарай қандай әрекет қабылдайтынын білмейді."Біз АҚШ-тың қатысуы салдарынан ұзағырақ, зорлық-зомбылық және деструктивтілікті ұлғайтатын жаңа араб-израиль қақтығысының басталуына куә болып отырмыз. Израиль үш апта ішінде 300 мыңнан астам резервті жұмылдырып, мыңдаған әуе шабуылын жасады. Иорданияның сыртқы істер министрі Айман Сафади Израильді Газада құрлық соғысын бастады деп тікелей айыптады", - деп жазды Хроленко.Пентагон ХАМАС-қа қарсы күреске барлық қолда бар ресурсын салып жатыр, бірақ 155 миллиметрлі артиллериялық снарядтардың саны мен Patriotзениттік-зымыран кешенінің сапасы жеткіліксіз екені анық. Израильге басымды қолдау көрсету АҚШ-тың әскери-технологиялық осалдығын айқындап тұр. Пентагонның мәліметінше, 17 қазан мен 30 қазан аралығында АҚШ әскери базаларына Иракта 14 рет, Сирияда 9 рет пилотсыз ұшатын аппарат және зымыран шабуыл жасалған.АҚШ үкіметі Иранды ХАМАС пен аймақтағы АҚШ әскери базаларына шабуыл жасаған басқа топтардың жауынгерлік мүмкіндіктерінің артында тұрған негізгі күш деп санайды. Иран "сенімді тарапты" қару-жарақ және пилотсыз ұшатын аппараттармен қамтамасыз етіп, теңіз, әуе және құрлық кеңістігін қамтитын қауіпті аймақ құрып жатқандай. Анығында, АҚШ-тың Сириядағы әскери қатысуы заңсыз, ал Иракта америкалықтар "шақырылмаған қонақтар", бірақ Вашингтон Иранды қауіп ретінде көреді.Хроленконың пікірінше, Израиль армиясымен бірге Пентагон Тегеранмен тікелей әскери қақтығысқа түсу қаупі бар. Ондай жағдай туындаса, оған араб әлемінің басқа елдері де қосылады.Еске салсақ, 1948 жылдың 14 мамырында Палестинада Израиль мемлекетінің құрылғаны жарияланған болатын. Келесі күні жеті араб елі — Мысыр, Сирия, Ливан, Трансиордания, Сауд Арабиясы, Ирак және Йемен Бірінші араб-израиль соғысын бастады. Соңғы онжылдықтарда Палестина араб мемлекеті құрылған жоқ. Палестина – Израиль қақтығысы аймақтағы шиеленіс пен соғыстың көзі болып қала берді.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/12/39457966_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_44709a8c81883ebb3ee396d7e73b7048.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
Америка Құрама Штаттары араб әлемімен ұзақ қақтығыс жүргізеді. Жаһандық геосаясат тұрғысынан Израиль армиясы Мысыр, Сирия, Сауд Арабиясы, Ливан, Ирак, Йемен және аймақтағы басқа мемлекеттердің еркі мен ұлттық мүдделеріне қайшы болса да, бастапқыда Таяу Шығыста Америка мүдделерді қорғау үшін құрылған. Міне, Израиль мемлекеті жарияланған күннен бастап бұл аймақ ондаған жылдар бойы тұрақсыздық пен қақтығыстардан көз ашпай келеді, деп жазады ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 31қазан күні "Исламдық қарсыласу қозғалысына" (ХАМАС) қарсы соғыстың үшінші кезеңі басталғанын және Газа секторына құрлықтағы шабуылдың кеңеюін жариялады. Бірінші – бұғаттау кезеңі аяқталды деп саналады. Екіншісі – жаппай әуе соққылары – жалғасуда.
Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Газа секторындағы әскери операциясын кеңейтуде, құрлық күштері Газа қаласының төңірегінде екі бағытта ілгерілеуде, танктер Салах ад-Дин тас жолы бойындағы көлік қатынасын атыс күшімен тойтарып тұр. ЦАХАЛ Газаның негізгі қаласын қоршауға алып, ХАМАС жауынгерлік жасақтарын қаладағы кең туннельдер желісімен бірге жоюды көздеп отыр.
Соңғы тәулікте Израиль ұшақтары 600-ге жуық нысанаға, соның ішінде Ливан мен Сирия аумағына шабуыл жасады. Израиль басып алған Иордан өзенінің батыс жағалауы да Израиль тарапынан әуе шабуылдарына ұшырады. Екінші жағынан ХАМАС Газаның солтүстік-батысында Израиль әскерімен соғысып жатқанын жариялады. Израиль территориясына зымыранмен шабуылдар жалғасып жатыр. Ливанның әскерилендірілген саяси партиясы Хезболла Израильдің Нагария қаласына 16 зымыранмен шабуыл жасағанын хабарлады.
Газа секторында үш аптаға созылған қақтығыс кезінде 8 мыңнан астам адам қаза тапты, оның жартысы балалар. Израильде 1400-ден астам адам қайтыс болды. 200-ге жуық израильдікті палестиналық ХАМАС қозғалысы тұтқынға алған. Аймақтағы гуманитарлық апаттың ауқымын бағалау мүмкін емес. Газада қамауда қалған екі миллион бейбіт тұрғын дәрі-дәрмекке, суға және азық-түлікке зәру.
"Вашингтон "аймақтық шиеленіске жол бермеуге" және сонымен бірге Украинадағы әскери операциядан бос қалуға жақын Пентагон арсеналдарымен Израиль армиясының әскери әлеуетін арттыруға тырысып жатыр", - деп жазды Хроленко.
Бейбітшілік тез орнайды деген үміт жоқ. Палестина – Израиль қарулы қақтығыстарының жаңа кезеңі Палестинаны екі тәуелсіз мемлекетке – араб және еврей мемлекетіне бөлу туралы БҰҰ-ның ескі 181 резолюциясының (1947 жылдың 29 қарашасындағы) орындалмауымен байланысты болып отыр.
Палестиналық қарсыласу топтарына қарсы ондаған жылдар бойы жүргізілген тынымсыз барлау жұмыстарының, жасырын және жоғары технологиялық операциялардың арқасында Израильдің қауіпсіздік күштері жеңілмейтін сипатқа ие болды. Премьер-министр Нетаньяху өзінің отандастары мен Вашингтонды Палестина мемлекетін құру жөніндегі бейбіт келіссөздің мүлдем қажет еместігіне сендірді.
Бірақ шынайы жағдай мүлде басқаша өрбіді. 7 қазан күні таңертең Израильге Газа секторынан бұрын-соңды болмаған зымыранмен шабуыл жасалды. Содан кейін Хамас жауынгерлері еврей мемлекетінің оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарға басып кіріп, бірнеше сағаттың ішінде бірнеше әскери нысанды басып алып, жүздеген адамды тұтқынға алып, 1000-нан астам израильдікті өлтірді. Сондықтан Израильдің жоғары технологиялық қауіпсіздігі туралы аңыздың күлі көкке ұшты.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Израильдің әскери барлау және ішкі қауіпсіздік қызметінің басшылары сәтсіздіктерін мойындады. Соғыс біткен соң олар отставкаға кетіп, жұмыстан босатылады деген болжам бар.
Израиль қорғаныс армиясы "Темір қылыштар" операциясын кешігіп бастады, ал қорғаныс министрі Йоав Галант "Біз жеңеміз, өйткені басқа жол жоқ. Не біз, не ХАМАС" деп мәлімдеді. Премьер-министр Нетаньяху "Газадағы соғыс ұзаққа созылады" деп ескертті. Вашингтон Израильдің басқа мемлекеттің аумағын әскери оккупациялауды ынталандыруды қолдаған Таяу Шығыстағы өз саясатының стратегиялық сәтсіздігін мойындай бастады. Джо Байден "бұл дағдарыс біткеннен кейін әрі қарай не істеу керектігі туралы ой-жоспар болуы керек" дегенімен, анығында АҚШ әрі қарай қандай әрекет қабылдайтынын білмейді.
"Біз АҚШ-тың қатысуы салдарынан ұзағырақ, зорлық-зомбылық және деструктивтілікті ұлғайтатын жаңа араб-израиль қақтығысының басталуына куә болып отырмыз. Израиль үш апта ішінде 300 мыңнан астам резервті жұмылдырып, мыңдаған әуе шабуылын жасады. Иорданияның сыртқы істер министрі Айман Сафади Израильді Газада құрлық соғысын бастады деп тікелей айыптады", - деп жазды Хроленко.
Пентагон ХАМАС-қа қарсы күреске барлық қолда бар ресурсын салып жатыр, бірақ 155 миллиметрлі артиллериялық снарядтардың саны мен Patriotзениттік-зымыран кешенінің сапасы жеткіліксіз екені анық. Израильге басымды қолдау көрсету АҚШ-тың әскери-технологиялық осалдығын айқындап тұр. Пентагонның мәліметінше, 17 қазан мен 30 қазан аралығында АҚШ әскери базаларына Иракта 14 рет, Сирияда 9 рет пилотсыз ұшатын аппарат және зымыран шабуыл жасалған.
АҚШ үкіметі Иранды ХАМАС пен аймақтағы АҚШ әскери базаларына шабуыл жасаған басқа топтардың жауынгерлік мүмкіндіктерінің артында тұрған негізгі күш деп санайды. Иран "сенімді тарапты" қару-жарақ және пилотсыз ұшатын аппараттармен қамтамасыз етіп, теңіз, әуе және құрлық кеңістігін қамтитын қауіпті аймақ құрып жатқандай. Анығында, АҚШ-тың Сириядағы әскери қатысуы заңсыз, ал Иракта америкалықтар "шақырылмаған қонақтар", бірақ Вашингтон Иранды қауіп ретінде көреді.
Хроленконың пікірінше, Израиль армиясымен бірге Пентагон Тегеранмен тікелей әскери қақтығысқа түсу қаупі бар. Ондай жағдай туындаса, оған араб әлемінің басқа елдері де қосылады.
Еске салсақ, 1948 жылдың 14 мамырында Палестинада Израиль мемлекетінің құрылғаны жарияланған болатын. Келесі күні жеті араб елі — Мысыр, Сирия, Ливан, Трансиордания, Сауд Арабиясы, Ирак және Йемен Бірінші араб-израиль соғысын бастады. Соңғы онжылдықтарда Палестина араб мемлекеті құрылған жоқ. Палестина – Израиль қақтығысы аймақтағы шиеленіс пен соғыстың көзі болып қала берді.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы