Үндістан мен ЕАЭО еркін сауда жөніндегі келісімді қайта жандандырады

© Photo : Департамент информации и коммуникаций АО "ЭСК KazakhExport" Главы ЭКА ЕАЭС встретились на площадке KazakhExport
Главы ЭКА ЕАЭС встретились на площадке KazakhExport - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2023
Жазылу
ЕАЭО пен Үндістан арасындағы тауарайналым 2022-2023 жылдары 50,3 млрд теңгені құрады
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Үндістан мен Еуразиялық экономикалық одақ еркін сауда жөніндегі келісімдерді жүргізу туралы бастама көтерді. Осыған орай Үндістан ЕАЭО елдерінің сауда жөніндегі соңғы көрсеткештерін сұратты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Бұл мәселе жөнінде алдын ала келісімдер жасалып жатыр. Жағдайды бағалау үшін Үндістан бес елдің сауда жөніндегі мәліметтерін сұратты", - делінген хабарламада.
Үндістан мен ЕАЭО сауда келісімі жөніндегі жобаны 2022 жылдың наурызында дайындап қойған. Алайда пандемияға байланысты оны пысықтау кейінге шегерілді. 2020 жылдың қаңтар айында жобаның соңғы нұсқасын ұсынылды, дегенмен Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты қиындықтар туындады.
ЕАЭО пен Үндістан арасындағы тауарайналым 2022-2023 жылдары 50,3 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 49,3 млрд Ресейдің, 641 млн Қазақстанның, 135,5 млн Арменияның, 111,8 млн Беларуссияның және 56,6 млн Қырғызстанның үлесінде
Жаңалықтар
0