Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина бір апта ішінде Запорожье бағытында 746 жауынгерінен айырылды – губернатор

© Sputnik / Stanislav Krasilnikov / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Бір аптаның ішінде Запорожье облысында Ресей әскері Украина Қарулы күштерінің 746 жауынгері мен 13 танкісін жойды, деп хабарлады аймақ губернаторы Евгений Балицкий өзінің Telegram каналында.
"Біздің әскер артиллерия мен авиацияның қолдауымен тиімдірек позицияларды иеленіп, 2023 жылдың 23 қазанынан бері қарсы тараптың 11-ден астам шабуылын тойтарып, жеке құрамның 746 адамын, 13 танкісін (оның ішінде бірнеше неміс "Леопарды" бар), 14 броньдалған жауынгерлік машинасын және 9 жаяу әскер машинасын жойды", - деп жазды Балицкий.
Оның айтуынша, қарсы тарап танкілер және артиллерияның дің қолдауымен толқын тәрізді тактиканы қолданып, Копани, Работино, Новопрокоповка және Вербовое елді мекендері аумағында Ресей әскерінің қорғаныс позицияларына шабуыл жасап жатыр.
Сондай-ақ украин армиясы Батыс үлгісіндегі жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйені, ұңғылы артиллерия мен түрлі типтегі пилотсыз ұшатын аппаратты белсенді пайдалана отырып, аймақтағы елді мекендердің азаматтық инфрақұрылымына шабуылдарын жалғастыруда, деді ол.
Жаңалықтар
0