Өңірлер

Қызылорда облысында газ тапшы – әкімдік мәселенің себебін айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинГазозаправочная станция, архивное фото
Газозаправочная станция, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2023
Жазылу
Жағдай бақылауда
КЫЗЫЛОРДА, 30 қазан — Sputnik. Қызылорда облысында газ құю стансаларында сұйытылған газ тапшылығы қатты байқалып отыр.
Өңір әкімдігі мұның бәрі отынның осы түрін өндіретін "Қазгермұнай" компаниясының газ қондырғысындағы ақауға байланысты екенін айтты.
Өңір басшысының бірінші орынбасары Серік Қожаниязовтың айтуынша, Қызылорда облысының әкімдігі арнайы жұмыс тобын құрды.
"Жағдай бақылауда. Өңірде сұйытылған газды 25 оператор 212 құю станциларына сатады", - деп мәлімдеді ол.
Қожаниязовтың айтуынша, энергетика министрлігі орта есеппен облысқа айына 7,5-8 тонна газ бөледі. Оның 6 мың тоннасы "Қазгермұнай" компаниясынан түседі.
Істен шыққан газ өңдеу қондырғысы айына алты мың тоннаға дейін газ береді. "Қазгермұнайдың" екінші қондырғысы айына 4800 тоннадан аспайтын газ өндіреді. Яғни, газ жеткізудің қажетті көлемі жоқ.
"Мәселені реттеу мақсатында энергетика министрлігімен бірлесіп қаблданған шаралар аясында бізге "СНПС Ақтөбемұнайгаз" компаниясынан қосымша 504 тонна газ бөлінеді", - деп нақтылады Қожаниязов.
Газ тапшылығы байқалғалы бері "Саутс Ойл" жергілікті компаниясынан 104 тонна мұйытылған газ бөлінген. Осы айдың соңына дейін бұл компаниямен қосымша 140 тонна газ бөлу жөнінде келісім жасалып отыр.
"ПетроҚазақстанОйлПродактс" компаниясы 1364 тонна газ жеткізді, яғни жағдай бірте-бірте тұрақтануда", - деді ол.
Газ мәселесі облыс басшылығының қатаң бақылауында, қараша айында ол міндетті түрде жойылады.
Жаңалықтар
0